- Негізгі бет
- Жаднама
- Барқыт киімді қалай...
Барқыт киімді қалай тазалауға болады?
Фото:
amur.kz
Әдемі барқыт көйлегіңізді не пенжагыңызға майлы дақ тисе, оны химиялық тазалауға беруге асықпаңыз. Бұл үшін сіздерге мынадай кеңес береміз.
Барқыт киімді тазарту үшін алдымен киімді буға ұстау қажет. Содан соң, мүсәтір (нашатыр) спирті қосылған жылы су қоспасын алып, шүберекпен сүртеді. Барқытты ацетон, сірке суы эссенциясымен тазартуға болмайды. Сондай-ақ оны ыстық сумен жууға, шаңсорғышпен шаңын алуға, қатты щеткамен ысқылауға болмайды. Оны жұмсақ щеткамен, бензиге батырылған мақтамен сүртеді.
Г. Берік