Алаяқтардың әрекетінен қорғанудың ең жақсы әдісі – олармен мүлде сөйлеспеу. Осылайша қылмыскер сіздің даусыңызды жазып алуына иүикіндік бермеу керек. Бұл туралы Position of Rights заңды компаниясының басқарушы серіктесі, адвокат Егор Редин айтты.
Өзгелер атыңыздан кредит алмауы үшін қалай сақтану керек?
Сарапшы түсіндіргендей, алаяқтар cөйлескен адамының даусын диктофонға жаза алады. Сондықтан сұрақтарға "иә", "жоқ" деп жауап бермеу және ешбір санды атамау керек.
"Сіз туралы құпия мәліметтерді біле отырып, мұндай жазбаны сол банкке немесе автоматтандырылған дауысты тануға қабілетті басқа ұйымға қоңырау шалу кезінде қолдануға болады", – деді адвокат.
Редин, егер біреу сіздің картаңыздан ақшаны есептен шығарғысы келетіні туралы ақпарат айтып банктің қауіпсіздік қызметі немесе техникалық бөлімінен қоңырау шалса, бірден телефонды өшіруді ұсынады.
Кибералаяқтар Disney-дің атынан қазақстандықтарды алдап жатыр
Адвокат жасырын нөмірден қоңырау шалса, сөйлеспеуге кеңес береді. Банк сайтта көрсетілген нөмірлерге ғана қоңырау шала алады.
Сонымен қатар, банктен сілтемесі бар SMS келгенде, оны орындауға асықпау керек. Алдымен хабарламаны банк жібергеніне көз жеткізу керек.
Банк қызметкерін алаяқтан қалай ажыратуға болады?
"Бейтаныс адамдар сізден телефон арқылы сұрағанда банктен келетін SMS хабарламасындағы кодтар туралы хабарлауға болмайтынын айтудың қажеті жоқ. Көбіне адамдар дүрбелең мен түсінбеушіліктен алаяқтардың құрбаны болады", – деп түйіндеді сарапшы.