Біреуге өмір сыйлау сіздің қолыңызда емес деп ойлайсыз ба? "Көп түкірсе - көл" демекші, қайырымдылық шарасына қатысу арқылы сіз біреуге көмектесіп, өз мейірімділігіңізді ұштай аласыз. Осындай шаралардың бірі кеше Асфендияров атындағы ҚазМУ-дің Concordia театрында өтті.
"Балаларға өмір сыйлайық" шарасының аясында болған концерт "Қайырымдылық" қорының демеуімен өтті. Шараға қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысып, игі шарадан тыс қалмады.
Бұл жолғы концерттен түскен бар қаражат 2 жастағы Әзілхан Асылжан есімді қыздың емделуіне жұмсалады. Асылжанға дереу кезде бүйректерге қиын операция қажеттілігіне байланысты, оның отбасы бұл қаражатты керек қылатыны анық.
Концерттің жүргізушісі танымал актер Әнуар Нұрпейісов болды.
Әнші, ғаламтордағы танымал Тұрар Рахимберлин өз өнерін көрсетіп, халықты қуантты.
Жақында өнер жолын бастаған "Изумруд" тобы Алматы жайлы ән айтып, киімдерімен таң қалдырды.
Х-фактор байқауына қатысқан Дария Акпарова өз өнерін тағы да бір рет көрсетті.
Айдарбек Рысбек өз әндерімен қатар, шетел өлеңдерін өзінше орындады.
Әнуар өз стиліне сай қалжыңға толы өлеңдер айтты.
Кештің басты күткен қонағы атақты "Ұлытау" тобы болды.
Өздерінің хит болған туындыларын орындап, жанды дыбыспен қуантты.
Студенттердің арасынан шыққан "Сырттан" тобы да кәсіби деңгейде ән айтты.
Дауыс international тобы жиналған халықты билетіп жіберді.
Асылжанның әкесі жиналған қауымға алғысын айтуда.
Кеш қаншама адамдардың басын Асылжанға көмек беру ниетімен қосып, театр залын мейірімділік пен кең пейілділікке толтырды.
Арнайы Массагет.кз үшін кештен: Сания Аринова