Бұл сұрақ қызық болуы мүмкін. Алайда, шынымен де, күнделікті өмірде балалардың көп сөйлейтіндігін және ойындағысының барлығын сыртқы еш қысылмастан шығаратындығын жиі байқаймыз. Ойнап жүрсе де, тамақ ішіп отырса да, автобуста отырса да сөйлегенді «жақсы көреді».
Кейбір ата-аналар балалардың бұлай бал-бұл тілін білеп сөйлегеніне мәз болса, бірі мезі болып, ұрсып жатады. Көп сөйлемеуді бұйырады.
Дегенмен, кез келген әрекеттің ғылыми негіздемесі бар. Бұл мәселені қарастырып көрген психология ғылымы адамдарды екі үлкен топқа бөледі: бірі – кез келген нәрсені «өз ішінде ойлайтын» кейін барып сөйлейтін адамдар, ал екіншісі – «өз ішінде ойлай» алмайтын, алайда сөйлеу кезінде ғана ойлана алатын адамдар. Яғни, бірі барлық нәрсені іштен ойлап алады, кейін сөйлейді, ал екіншісі ойлау үшін дыбыстап сөйлейді.
Ал балалар болса, ең алдымен ақпаратты қорытып алып, тұжырымдап алып, кейін ғана сөйлеу керек екендігін білмейді. Инстинк ондай емес. Күнделікті өмірдегі балалардың шынайы сөйлейтіндігі содан. «Баласы бар үйдің ұрлығы жерде жатпас» деген осы. Қабылдаған ақпаратты сүзгіден өткізбей бірден сыртқы шығарады. Сол тәрізді ішінен не ойлап тұрғанын да бірден сыртқы шығаруды инстинкті түрде жасайды. Ал ой деген қиялдан да жүйрік екендігін білеміз. Ой үнемі қозғалыста, дамуда болады. ойдың жылдамдығына сәйкес оны сөз түріндее сыртқы шығару да қатар жүреді. Ой көп болған соң, бала да көп сөйлейді. Өйткені бала ол ойды іште сақтау керектігін, қорытып, тұжырымдау керектігін әзірше білмейді.