- Негізгі бет
- Жаднама
- Балақай балмұздағы
Балақай балмұздағы
Көңілге жылылық ұялатар және үлкендердің мінез ерекшелігін даралап тұрған тәмсілді ұсынамыз. Балалық шақ пен балмұздақ күндер еске түссін.
* * * *
Жасы ондардың шамасындағы кішкене бала кафеге ақырын еппен еніп, үстелге барып отырды. Қасына даяшы келді.
- Жаңғақ қосылған шоколодты балмұздақ қанша тұрады? - деп сұрады одан.
- Елу цент, - деді келіншек балаға қарап.
Балақай қалтасына қолын сұқты да, тиындарын алды. Сосын, ақырын санап шықты.
- Қарапайым балмұздақтар ше, ештеңе қосылмағаны қанша тұрады? - деді тағы да.
Көп қонақтар күттіріп қалып еді, содан да болар, даяшы қыз наразылық білдіре бастады.
- Жиырма бес цент, - деп қысқа қана шорт қайырды.
Сол аралықта балақай тағы да қалтасына қолын салып, тиындарын санап шықты.
- Қарапайым балмұздақ беріңізші, - деді іле жауап бере.
Даяшы балмұздақты әкеліп берді де, есепшотты үстел үстіне лақтыра салып, кетіп қалды. Балмұздақ желініп болған соң, бала кассаға барып, ақысын төледі де, шығып кетті.
Бір уақытта даяшы үстел үстін тазалауға келіп, қарағаны сол еді, тамағына ащы өксік келіп тығыла кетті. Тас тұрып қалғандай, көзі шарасынан үлкейіп сала берді. Гүл салғыштың қасында ұқыптылап жиналған жиырма бес цент тұрған болатын. Ол оның қалдырған шайлығы еді.
сурет:mama.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига