Бала жынысын жоспарлау жолдары. Ұлды болу үшін...

Бала жынысын жоспарлау жолдары. Ұлды болу үшін...
Фото: ru.freepik.com

Бала күтіп жүрген ата-аналар болашақ сәбиінің жынысын білгісі келеді. Әрине, көпшілік ата-ана "кім болса да, аман болсын" дейді. Бірақ бәрібір де оларды кім екен деген сұрақ қызықтырып тұрады. Алайда түрлі себепке байланысты бала жынысын алдын ала жоспарлайтын да ата-аналар бар. Бүгінгі материалда мұрагер қалайтын ата-аналарға ғаламторда тараған кеңестерді жинақтап, ұсынғымыз келіп отыр.

Ұл бала көтеру жайлы ғылым не дейді?

Алдымен ұрық жасушасын ұрықтандыру кезіндегі жыныстың қалыптасу принципін білу қажет. Жаңа адам ДНҚ-ның жартысын әкесінен, екінші жартысын анасынан алады. Әйелдер - ХХ, ал ерлер XY хромосома тасымалдаушылар екені белгілі. Яғни, болашақ баланың жынысы сперматозоидпен ұрықтандыратын жасушаға әкесінің қай хромосомасы берілетініне байланысты. Егер сперматозоид Y-хромосома тасымалдаушысы болса, ұл дүниеге келеді.

Ұлға жүкті болу - көптеген факторлардың сәйкес келуінің нәтижесі, сондықтан ұлды болуға арналған кеңестерге қатты сене бермеңіз.

Бала жынысын есептейтін кестелер

Ұл туылу үшін қай уақытта жүкті болу керегін білуге арналған бірнеше кестелер бар: анасының жасын ескеретін қытай кестесі, болашақ ата-ананың туылған айларына қарайтын жапон кестесі және қан тобы кестесі.

Қытай кестесі


(сурет: erketai.kz)

Ежелгі қытай тәсілімен баланың жынысын анықтауда немесе жоспарлауда тек әйелдің жасымен құрсақ көтерген уақыты ғана негізге алынады. Егер осы тәсілмен іштегі баланың жынысын анықтаңыз немесе болашақ баланың жынысын жоспарлағыңыз келсе, жоғарыда көрсетілген кестені қолданып есептеп көріңіз.

(сурет: erketai.kz)

Ол үшін "Жасы" қатарынан әйелдің жасын таңдап,  айлар көрсетілген қатардан құрсақ көтерген айды таңдаңыз, сол кезде ұл немесе қыз бала екенін көруге болады.

Жапон кестесі

Қытай кестесінде баланың әкесі ескерілмейтінін байқадыңыз ба? Ендеше, жапон кестесін байқап көріңіз. Жапон кестесінде екі кезеңмен есептеу жүргізіледі. Алдымен жұп санын анықтау қажет. Ол болашақ ата-ананың туылу айларына байланысты. Кестеге қарап, санды анықтаңыз.

Енді екінші кезеңге өтіңіз. Келесі кестеде өз жұбыңыздың санын және құрсақ көтерген айды табыңыз. Олардың қиылысынан ұл болудың қыз болуға қатынасын көресіз. Мысалы, "3/1" қатынасы бұл айда ұл болу мүмкіндігі қыз болуға қарағанда 3 есе көп екенін көрсетеді. Ал "1/3" қатынасы керісінше, қыз болу мүмкіндігі 3 есе артық екенін көрсетеді.

Шеттлс әдісі

Америкалық дәрігер Р. Шеттлстің "Балаңыздың жынысын қалай таңдау керек?" кітабында ұлды болу әдісі сипатталады. Ол овуляцияға жақын немесе одан кейін болған жыныстық қатынастан жұптың ұлды болу мүмкіндігі артатынын айтады. Ол ерлердің және әйелдердің сперматазоидының өмір сүру ерекшеліктерін негізге алған. Ерлердің сперматазоиды белсенді, бірақ олар аз өмір сүреді. Болашақ баланың жынысы ұл болуы үшін жыныстық қатынас овуляцияға дейін 12 сағат алдында болу керегі айтылған. Дәрігердің айтуынша, бала көтеру жоспарда болса, оған дейін біраз уақыт жыныстық қатынастан  бас тартқан дұрыс. Сол кезде ерлер сперматозидының саны және белсендігі артады.

Қан жаңару циклы бойынша бала жынысын жоспарлау

Қан жаңару теориясы бойынша, ерлерде қан әр 4 жыл сайын, әйелдерде әр 3 жыл сайын жаңарады. Бұл әдіс бойынша, ұл соңғы қан жаңару әкесінде болған жұпта дүниеге келеді. Алдымен қазіргі сәтте кімнің қаны «жас» екенін анықтау керек. Есеп туылған кезден немесе көп қан жоғалтқан кезден (ота, босанудан соң) бастап жүргізіледі.

1. Әкесінің толық жасын төртке бөлеміз (мысалы, егер ол 29-да болса, 29:4=7, қалдық - 1);
2. Анасының толық жасын төртке бөлеміз (мысалы, егер ол 26-да болса, 26:3=8, қалдық - 2);
3. Қалдықтарды салыстырамыз. Ер адамда 1 жыл бұрын, ал әйелде 2 жыл бұрын қан жаңарған. Яғни, бұл теория бойынша, бұл уақытта осы жұпта ұл туылуы әбден мүмкін. Себебі болашақ әкенің қаны әйелінікіне қарағанда "жас".

pixabay.com

Ұлды болу үшін қандай диета сақтау керек?

Кей зерттеулер нәтижелері бойынша, тамақтану мен болашақ баланың жынысы арасында байланыс табылған. Ұлды болғысы келетін жұптарға натрийге және калийге бай тағамдар жеу ұсынылады: ет, шұжық өнімдері, балық, картоп, бұршақ, жасымық, үрмебұршақ, саңырауқұлақ, шие, банан, шабдалы, апельсин, құрма, жұмыртқа ақуызы, күріш, қара шоколад. Ал сүт, нан, минералды су, жаңғақ, орамжапырақтан бас тарту керегі айтылады.

Қызды болуға арналған кеңестерді келесі материалда дайындайтын боламыз.

А. Жапатова