Бала ақылы

Әкесі жұмыстан келіп, құжаттар қарап, қалың қағаздың ортасында есі шығып отыр. Төрт жасар ұлы мені көтермедің, маған ат болмадың деп қыңқылдай берді. Мазасы кеткен әкесі дүние картасы түсірілген журналдың мұқабасын пара-пара қылып жыртып, ұлының қолына ұстатты. «Сен әуелі осыны құрастырып әкел, сосын мен саған серік болып ойнаймын» деді де, қайтадан жұмысына кірісе берді. Сүт пісірім уақытқа жетпей бала қайта келді. Әкесі бұлай болады деп мүлде ойламаған еді.

- Папа, бүлінген картаны құрастырып болдым. Енді менімен бірге ойнайсың!

Әкесі ашуға мінді. Баланың ойынқұмарлығын, тынышсыздығын кешіруге болар. Бірақ, өтірік айтуын қалай кешіре алсын. 4 жасар баланың осынша тез қиюластыра қоюы екіталай ғой. Шешесі көмектесті ме екен?!

- Міне көріңіз,- деді ұлы.

Өз көзіне өзі сенбей қалды. «Апырай, бұл мүмкін бе, шешесі де ас әсірлеуден қолы босамай жүр...»

- Қалай құрастырдың?

- Картаның теріс бетінде бір адамның суреті бар екен, сол бойынша құрастырдым, сол адам аман болса, дүние де бүтін болады, әке!

Әкесі баласының бетіне қараған күйі отырып қалды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com