Біз көп жағдайда өмірдің болмашы қиындықтарына төтеп бере алмай, орта жолда қалған жандай аласұрамыз. Адамдарға деген өкпе-ренішіміз біраз уақыт тарқамай күйзеліске ұшырап жатамыз. Адамның тұлғалық қасиеттері қашанда маңызды орында. Сіздің бойыңыздағы қарым-қабілет өзге біреуге үлгі болуы мүмкін. Өзіңізге берілген зор мүмкіндікті тиімді пайдаланыңыз. Сіз секілді адам – жалғыз. Ендеше, жеке қасиеттер жайлы мына кеңестерді оқып көріңіз. Бәлкім, өмірде бір пайдасы тиіп қалар.
Өз өміріңізді өзгенің өмірімен салыстырмаңыз. Сіз оның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолы, сүрген өмірі туралы ештеңе білмейсіз.
Өзіңіз басқара алмайтын жағымсыз ойлар мен заттардан арылыңыз. Күш қуатыңызды пайдалы іске жұмсаңыз.
Сөздің емес, істің адамы болыңыз. Өз шегіңізді біліңіз.
Өткеніңіз үшін өзіңізді қатал сынамаңыз. Себебі, барлық адам қателікке ұрынады.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деп бекер айтылмаса керек. Сергек уақытыңызда көбірек армандаңыз.
Күншілдік, қызғаныш уақытты текке кетіргендіктен туындайды. Сізде не керектің бәрі бар.
Өткен шақтың барлығын ұмытқан жөн. Жақын адамыңыздың өткен күндегі қателіктерін қайта-қайта айта бермеңіз. Бұл сіздің бүгінгі бақытыңызды жояды.
Жек көруге уақыт кетіруге өмір тым қысқа. Өзгелерді, мейлінше ешкімді жек көрмеуге тырысыңыз.
Сіздің бақытыңызға өзіңізден басқа ешкім жауапты емес.
Өмір – мектеп, сіз одан сабақ алуға келгеніңізді біліңіз. Қиындықтар пайда болып, қайтадан жоғалатын оқу бағдарламасының бір бөлігі, әлдебір сыныптың алгебра сабағы секілді, бірақ сіз меңгерген дүние өмір бойына жадыңызға сақталады.
Көбірек күліп, көбірек жымию керектігін естен шығармаңыз.
Әрқашан жеңіске жетпеуіңіз мүмкін екенін де ұмытпағаныңыз абзал. Себебі, өмір тек жеңістен ғана тұрмайды.