Адамның басына дарыған дарыған төрт түрлі нәрсеге халықтар мен қала тұрғындары қол жеткізсе,олар бұл өмірде дүние бақытына, басқа өмірде алыс бақытқа жетеді. Бұлар теорялық ізгіліктер,ойшылдық ізгіліктер,этикалық ізгіліктер,практикалық өнерлер.
Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Шыншылдық адалдықпен ағалас. Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады. Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс. Бейқамдық сәтсіздікке бастайды. Жүргендер көп достық атын малданып,Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
Шын білім – ақиқат, анық білім. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. Мінез – жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. Сұлу саз жан сергітеді. Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш. Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту. Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу. Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу. Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.