Бақытты өмір сүру үшін Президент болу міндетті емес – Н.Назарбаев

Бақытты өмір сүру үшін Президент болу міндетті емес – Н.Назарбаев
Фото: akorda.kz

Бақытты өмір сүру үшін Президент болу міндетті емес. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан  Жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

 «Біз Қазақстанның болашағы сапалы білім алу деген мақсат қойдық. Сондықтан білімге аса қатты көңіл бөліп жатырмыз. Осы жылдың өзінде 1500 мектеп салынды, жөнделді, үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептердің саны азайды. Бұл мектептердің барлығы жаңа заманға лайықталып салынды. Интеллектуалды мектептерге республикалық, xалықаралық байқаудың жеңімпаздары қабылданады. Олардан жақсы, білімді азамат өсіп шығады», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы алғашқы сараптама көрсеткендей, барлық адамның мүмкіндігі бірдей емес. Сондықтан бәрі бірдей жоғары оқу орнын бітіре алмайды деді.

«Ата-аналар жақсы оқысандар, Президент боласыңдар деп үйретеді. Мен қызғанбаймын, Президент бола берсін. Бірақ бұл жағдай баланың миын шыр айналдырады. Ол мақсаты орындалмаса, әр түрлі ойдың жетегінде кетеді. Бақытты өмір сүру үшін Президент болу міндетті емес. Мен бір әзілді айтып берейін. Бір кездері Ельцинге: «Борис Николаевич, сіздің немереңіз Президент болғысы келеді» деп айттық. Ол: «Ресейге екі Президенттің не керегі бар?» деп жауап берді. Мен мынаны айтамын, жастар шынайы арманға ұмтылуы керек. Ең бастысы, жақсы адам болып өсуі керек. Сапалы білім алып, кәсіби маман болсаң, сенің біліміңді ешкім тартып алмайды. Сол кезде сен өмірден өз орныңды ойып тұрып аласың», - деп атап өтті Елбасы.

Дерек көзі: bnews.kz

B. ZHAQSYMBET