Кеше Алматы қаласында "Бақытты гүл шоғы" акциясы өтті. Бұл шараның аясында 20 жас жұбайлар 7 рекорд орнатты.
"Бақытты гүл шоғы" акциясын ұйымдастырушы – Виталий Дорц. Үйлену тойларды, түрлі мерекелік шараларды ұйымдастырумен айналысатын ол саябақтан кездейсоқ бірнеше тойдың қатар болып жатқанын көріп, осы ойға келді.
Акцияға расымен кешегі күні үйленген жұптар қатысты. Асығыс, қарбалас күні осындай акцияға көңіл мен уақыт бөлгендері қуантады.
Ерлер өмірлік жолдастарына гүл шоқтарын өз қолдарымен жасағанын ерекше атап өту керек. Ал арулар өз кезегінде басты жарысқа қатысып, сол гүл шоқтарын лақтырды.
Кештің басты қалыңдығы өз гүл шоғын 13 метрге лақтырған Карина Беляева болды.
Рекорд көпшіліктің көзінше арнайы өлшеуішпен саналды.
Артынан жұптар ортақ өмірлеріндегі алғашқы биін биледі.
Дайындаған және суретке түсірген Сания Аринова