Барлық адамның кішкене болса да бақытты болуға құқы бар болып шықты. Мұны зерттеушілер айтуда. Айтулы Business Insider басылымы осы таңда көңіл-күйді көтеретін қарапайым 12 кеңесті ұсынады.
* * *
1. Өзгеге ақша шашу. Адам өз ақшасын өз мүддесіне жұмсамай, өзге біреуге көмекке жұмсар болса, онда ол өзін бақытты санайтыны туралы жақында бір зерттеуде анықталды. Америкалық ғалымдардың зерттеулері Psychological Bulletin басылымында жарық көріпті. "Ең бақытты адамдар көбіне ең жомарт жандар болып келеді" - деп айтыла кеткен. Бұл тұста қалталы жандардың дәулетті болғандықтан да қайырымдылық жасайтынын қоса кетуге болатын шығар.
2. Өмірдегі жақсы сәттерді жазып алу. Пенсильвания универсиететінің профессоры Мартин Селигман әр күні кешкісін үш жақсы жайтты жазып алатын (осы күні болған оқиқаларды, мейлі, ол маңызды да болмасын) жандардың өзгелерден өздерін әлдеқайда бақытты сезінетіндіктерін дәлелдей алған. Маманның айтуынша, кешкілік жеген тәтті тағамды да сол қатарға енгізуге әбден болады.
3. Жаңа дүние жасап көріңіз. Зерттеулер көрсеткендей, шытырман оқиғалар мен бұрын-соңды байқап көрмеген тірліктерді жасап көруге ден қойған адамдар көбіне бірден бақытты болып шыға келмек.
4. Барлығы бірден алуға ұмтылмаңыз. Мамандардың айтуынша, күту рахат сезімі келешекте адамды сол нәрсеге қолы жеткенше бақытты етеді. Адамдар жаңа жыл мен демалыс уақытын күткенді жақсы көреді (мектеп балалары күзде сабақ басталады деп күтпесе де, жаңа киімді қашан киемін деп асығады). Сол үшін де сатып алған балмұздағыңызды бірден жеп қоймай, азырақ күте тұрыңыз, яғни бір-екі сағаттан соң тауысыңыз.
6. Алдыңызға мақсат қойыңыз. Психолог Джонатан Фридманның сендіруінше, ұзақ уақыт аралық және қысқа уақыт аралық мақсат қоятын адамдар мақсат қоймайтындарға қарағанда көбіне бақытты жанға айналады. Мақсатқа жету жолында ішкі толқыныс жұмыста және үйде туындайтын кері эмоцияны тұншықтырып бақпақ.
7. Өз көзқарасыңызды қорғаудан тыйылыңыз. Дәрігер Дипак Чопра ("Бақыт рецептісі: шексіз қуанышқа бастайтын жеті жол" кітабының авторы) былай дейді: үнемі бақытты болып қалудың ең жақсы жолы - бар бәсте бейтараптылықты (нейтралитет) сақтау және өз көзқарасына қатып қалмау - әсіресе, саясат төңірегінде.
8. Әдемі ән тыңдаңыз.
9. Күніге алты сағаттан кем ұйықтамаңыз. Жақсы көңіл-күйге ең жақсы уақыт - алты сағат және 15 минут деп британдық Yeo Valley компаниясының мамандары есептеп шыққан.
10. Жұмысқа жақын жерге көшіп барыңыз. Жуықта өткен британдық тағы бір зерттеуде жұмысқа тез жететін адамдардың (20 минуттың асар-аспас уақытта) транспорт ішінде бірнеше сағат сарылумен жүретін жандарға қарағанда көбіне бақытты болатыны айтылады.
11. Күліңіз. Себепсіз, еш себептің жоқтығына қарамастан күле алатын адамның өз-өзін жақсы сезінуіне жол ашылатындығын бірнеше зерттеулер дәлелдеп шықты.
12. Роматикалық қарым-қатынас жүргізіңіз. Корнельский универсиетінің зерттеушілері махаббаты дәріптеп жүрген жандардың бақытты бола түсетініне дәлелдер келтіруде. Бір адамға қаншалықты бауыр басып қалсаңыз, соншалықты бақытты бола түсуіңізге мүмкіндік ашыла бермек.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: nnm.me