- Негізгі бет
- Жаднама
- Бақытты болудың үш...
Бақытты болудың үш тәсілі
Қазіргі уақыттың заманауи қарқыны кімді де болмасын таңғалдырары анық. Күнделікті күйбең тіршілік ақпараттың көптігі, талаптың жоғарылығы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда қиын екені анық.
Әр сала мамандарының көп жерде айтаныны бір арнаға саяды: таңды қалай қарсы алсаңыз күніңіз солай өтеді. Ендеше бақытты болудың қарапайым да, тиімді тәсілдерімен таныс болыңыздар.
• Таңертең кем дегенде 5 минут жаттығу жасау. Әсіресе, пайдалы деп көбі йоганы атап жатады.
• Бірнеше себебі бар: физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, кез келген адам жасай алады, көңіл күйді көтереді, метоболизмді жақсартады, ағзаны тазалайды.
• Келесі кеңес – ішкен ас, жеген тамағыңызға мән беріңіз.
• Таңертеңгілік уақытта оның маңызы ерекше. «Таңертеңгі асыңды өзің іш, түскі асыңды досыңмен бөліс, кешкісін жауыңа бер» нақылы соның дәлелі.
• Түнгі ұйқы кезінде адам ағзасындағы зат алмасу 5% төмендейді екен. Таңғы ас оны жылдамдатады.
• Пайдалы ас иммунитеттің ғана емес, энергияның да қайнар көзі. Денеңізді шымыр етіп, бет-келбетіңізді жақсартатыны анық. Оның үстіне, ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, таңғы асты ішпейтіндер артық салмақты тез жинайды екен.
• Жаттығу жасап, таңғы ас ішкеннен кейінгі тағы бір маңызды нәрсе – жаңа ақпаратпен танысу. Миды жұмыс істету, жаттығу жасатуға саяды.
• Таңертеңгілік ағзаның ас қорыту ғана емес, мидың да ақпарат қорыту жүйесі де қарқынды жұмыс істейді екен. Ғалымдар сөзінше, күніне бар болғаны 10-15 минут танымдық ақпаратқа мән берген адамның ми жұмысының жылдамдығы артады. Ал пайдалы ақпаратпен Жетінші арнаның таңертеңгілік «Оян, Қазақстан!» бағдарламасынан танысуға болады. Айталық «AIBAT» жаңалықтар қызметі елімізде және әлемде болып жатқан соңғы мәліметтерді баяндап отырады.
Оған қоса, таным, экстрим, тағы басқа айдарлар сана көкжиегін кеңейтері анық. Қоғамда талқыланып жатқан мәселелер, пайдалы ақпарат, спорт, ас әзірлеу, бар қызық осында.
Таңғы 7.00 пен 9.00 аралығында Алмас Тоғай, Салтанат Серкебаева, Диана Қырықбай, Ерданa Ержанұлы және бағдарлама ұжымы көрермендерге қызықты ақпарат, жағымды жаңалық, тамаша көңіл-күй сыйлайды. Келіңіз. Көріңіз. Жаңа күнге жігерленіп алыңыз!
«ОЯН, QAZAQSTAN!»
Н. Үсенова