Осынау бес күндік қысқа ғана ғұмырда әр адам бақытты болғысы келетіні шындық. Бақытты болуға әркімнің құқығы бар. Оған жету үшін біз қаншама сыннан өтеміз. Сол жолда мыңдаған кедергіге тап боламыз. Қалай болған күнде де ол үшін барымызды салатынымыз анық.
Бақытты болғың келсе, мыналарды естен шығарма:
– Жүрегіңді ашу-ызадан босат. Сені ренжіткендер мен көңіліңе қайғы салған адамдарды кешіре біл.
– Жүрегіңді уайымнан босат, олардың көпшілігі бос, болмайтын уайым. Бұған бүгін болмаса да ертең көзің жетеді.
– Әрдайым қарапайым қалпыңды сақта, қолда бардың қадірін біл.
– Егер мүмкіндігің болса адамдарға көбірек көмек бер. Қол үшін беру, біреудің қуанғанын көріп, алғыс есту адамға керемет сезім сыйлайды, рухыңыз шаттанады.
– Жасаған жақсылығыңды ешқашан бұлдама, қайтарым күтпе.