- Негізгі бет
- Жаднама
- Бақытты адамның 5...
Бақытты адамның 5 белгісі
Адам баласы мына бес күндік өмірге бақытты болу үшін келген. Бақытты жан жақтан іздемеңіз. Бақыт – сіздің басыңызда. Оны бағалау, қадіріне жету-жетпеу сіздің еншіңізде. Өмірден бақыт тапқан жанның белгілері қандай? Массагет порталы сіздерге бақытта адамда болатын 5 әдет туралы әңгімелейді.
Олардың қасында бақытты адамдар жүреді
Қуаныш – жұқпалы дерт секілді. Сіздің өзге біреуге сыйлаған қуанышыңыз тағы басқасына да тарайды. Сіз айтқан әсерлі де жылы әңгіме оның жан дүниесіне әсер етіп, кейін ол адам басқаға соны жеткізеді. Демек, қуаныш, шаттық деген ұғымның да жұқпалы дерт секілді күшке ие екендігін ұмытпағанымыз жөн. Адамдардың жүзінен көрінген қуаныш сіздің де күлуге, қуануға деген ықыласыңызда арттырмаса, кемімейді.
Олар үнемі күлімсіреп жүреді
Тіпті өзіңізді көңілді сезінбесеңіз де әлдеқандай жақсы дүниелер туралы ойлаңыз. Бұл сізге көмектеседі. Беймаза күйден арылуға талпыныңыз. Егер сіз күлімсіреп тұрып жаман нәрсе жайлы ойласаңыз одан да қиын болады. Сондықтан жақсы ой да сізге шаттық сыйлау керек.
Олар ақшаны өзгелер үшін жұмсайды
Ақшаға бақытты сатып ала алмайтыныңыз ақиқат. Бірақ ақшасыз қол жететін дүние аз. Ақшаны қолдың кірі дегеніңізбен соны табу үшін еңбектенетінің тағы рас. Бақыттылар ақшаны өзіне ғана жұмсап қана қйомай, өзгелер үшін де жұмсайды. Бақыт біріккенде ғана бағасы артатын құндылық.
Олар тыңдай біледі
Тыңдаған кезде ғана жаңа ілімге қол жеткізесіз, әлденені үйрене аласыз. Тыңдай білу – үлкен мәдениеттілікке жатады. Жаныңыздағы досыңызды яки жақыныңызды, ұстазыңызды тыңдап отырғанда оларға сенімділік сыйлайсыз және олардың құрметіне ие боласыз. Тыңдай білу арқылы берік қарым-қатынас орнайды.
Олар қарым-қатынасын үзбейді
Әлеуметтік желі арқылы хат жазу өте тез жүзеге асады және бұл әркімнің қолынан келетін іс. Барлығы үшін ешқандай қиындық тудырмайды. Алайда, сол досыңызды әлде туысыңызды үйіне іздеп бару, көзбен көру, жүздесу одан да керемет. Кез келген адам шынайы сыйластықты, шынайы достықты қалайды. Сол себепті, жақыныңызбен қарым-қатынасыңызды нығайтам десеңіз жиі іздеп барыңыз. Әлеуметтік желі арқылы байланыс бетпе-бет жүздескенге жетпейді.
Адамға бақытты болу үшін барлық мүмкіндіктер берілген. Барлығы өзіңізге байланысты. Бақыттың бағасын, құндылығын түсірмеу үшін әр адамның өзінше қадамдар жасағаны жөн. Жалғыздықтан бақыт табатындар да табылады. Әйтсе де, бақыт көпшілікпен, достармен, адамдармен бірге болғанда ғана болады.
Ж. Жұмағұлов