Бақыт – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан сезім

Бақыт – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан сезім
Фото: pixabay.com

Қазіргі кезде көптеген ата-ана "Баламның математикалық/шығармашылық қабілетін қалай дамытамын, көшбасшылық қасиетін, өзіне деген сенімділігін қалай қалыптастырамын" деген сұрақтардың жауабын іздеп шарқ ұрып жүр. Ал баланың өзі мұны қалай ма, жоқ па, аса қызықтыра қоймайды. Бірі баласы қатарының алды болғанын қаласа, енді бірі өзінің орындалмай қалған балалық арманын өз перзентінен көргісі келеді. Өмірде бүкілі тәрбиеге байланысты, ерте жастан баланың бойына не сіңірсем, соны қағып алады деп ойлаймыз. Алайда біз бүгін сөз ететін мына ұғымдар генге байланысты.

Адамның салмағы
Егер өзі арық ана тамақ жегісі келмейтін баланың аузына асты тықпалап жатқанын көрсеңіз, толық ата-ана брокколи жегісі келмейтін баласын күштеп жатқанын байқасаңыз, тәрбие мен генетиканың күресіне куә болғаныңыз. Арықтық пен семіруге бейімділік – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Бала өз бетімен өмір сүруге көшкенде үйінде аз не көп тамақтанғаны оның салмағына әсер етпейді. Артық салмаққа бейімдерге бір жақсысы, диета мен спорт көмекке келеді, бір жаманы артық салмақпен өмір бойы күресіп өтесіз.

Әр іске қуана білу қабілеті
Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамдардың 50%-ына өмірге позитивті көзқарас ата-анасынан беріледі екен.Қолда барға шүкірлік деп, қуана білу де генетикалық жолмен жалғасады. Ештеңеге көңілі толмайтын ата-ана да ұрысқақтық генмен берілетінін білуі керек.

Мінез

Ешкім «Менің балам жаман адам болатын шығар» деп ойламайды, алайда көшеде, базарда, кезекте, интернет әлемінде оңбағандар толып жүр. Оған нашар тәрбие кінәлі ме? Ген мінезге әсер ететіні ғылыми түрде дәлелденген. Гарри Поттер фильмін көрген болсаңыз, басты кейіпкер зұлым адамдардың қолында тәрбиеленсе де, мейірімді бала боп өседі. Бұл да осы тұжырымның біп айғағы.

Білім

Ұлыбритания ғалымдарының зерттеуінше, екі жерде оқып, білім алған егіздердің көрсеткіші бірдей боп шыққан. Бұл зерттеу жұмысы баланың білімді боп шығуына қатал ата-ана, мықты мектеп, білікті ұстазға қарағанда, гені көбірек әсер ететінін дәлелдейді.

Тәрбие

Біз атаған нәрселер тәрбиеге қарағанда, генге көбірек әсер етеді дегенімізбен, осы тәрбиенің өзі генге байланысты екен. Бұл қалай? Яғни бала ұшқан ұясында қандай тәрбие көрсе, ата-анасының тағылымын өз  балаларына да сіңіреді деген сөз.

@. @assel_assanova