- Негізгі бет
- Жаднама
- Бақыт сүйіс секілді....
Бақыт сүйіс секілді. 20 анықтама
Барлық адам бақытты болғысы келеді. Бай әрі табысты, сау немесе танымал болуың да мүмкін, бірақ, сол тұста аса бақытсыз адамсың делік. Ал екінші бір жағынан алып қарағанда, өмір тұрмысы ауыр, сорлап қалған немесе ауыр жағдайда өмір сүріп жатқан, бірақ, шын бақытты адамдардан үлгі келтіреді. Ақыры бұл не өзі, адам бақыты деген? Сенімдімін, біздердің әрқайсымызда өз берер түсінігіміз табылады, алайда, әр уақытта бұл туралы ғаламның һәм адамзаттың ең үздік ақыл-ойлары не айтқаны маңызды...
* * *
Бақыт – бұл біз ойлаған, дайын түрде алатын нәрсе емес. Ол өзіміздің жекелеген іс-әрекетімізден болады.
Dalai Lama
Бақыт – бұл сіз не ойлайсыз, не істейсіз – бәрінің үйлесім табуы.
Mahatma Gandhi
Бақыт сыртқы жағдаятқа байланысты емес, ол біздің психологиялық көңіл-құрылымымызбен реттеледі.
Dale Carnegie
Бақыт – бұл сенің ішкі табиғатың. Ол ешқандай, ешбір сыртқы жағдаятқа қатыссыз; ол жәй ғана бар.
Bhagwan Shree Rajneesh
Бақыт ой-сананың емес, қиялдың арман-мұраты.
Immanuel Kant
Бақыт – бақытты алтын немесе ұтыс секілді іздестірмеу. Оны күші, танымы, махаббаты жеткендер өздері жасайды.
Иван Ефремов
Бақыт бұл сіз сезінген емес, есіңізде қалған нәрсе.
Oscar Levant
Бақыт сіз келіп түсетін бекет деуден гөрі, саяхат өзгешелігі деуге келеді.
Margaret Lee Runbeck
Бақыттың артынан қума: ол әрдайым сенің өзіңнен табылады.
Pythagoras
Бақыт – өмірдің мағынасы мен мақсаты, басты мүдделер мен адамзат жаратылысының сәулесі.
Aristotle
Бақыт үнемі сіз біліп болмаған есіктен сығалап кіруі мүмкін.
John Barrymore
Бақыт - бақытсыздықтар мен елеулі олқылықтарды есепке алған бүкіл өмірің.
Дмитрий Емец
Бақыт бұл мақсат емес, бұл қосымша азық.
Eleanor Roosevelt
Бақыт әруақытта қолыңа ұстап тұрғанда кішкентай секілді көрінеді, бірақ, жібере салысымен бірден оның қаншалықты үлкен әрі қаншалық керемет екенін ұғынасың.
Максим Горький
Бақыт сүйіс секілді. Сіз толыққанды рахаттану үшін онымен бөлісуіңіз қажет.
Bernard Meltzer
Бақыт – бұл керемет нәрсе. Бақытты болу үшін таптырмас уақыт - қазір. Оңтайлы жер - осы жер. Ең керемет жолы - өзгелерді бақытты ету.
Robert Green Ingresoll
Бақыт – бұл болашаққа қалдыратын (ығыстыра тұратын) нәрсе емес; ақиқат өмірде жетуге асығыңыз.
Jim Rohn
Бақыттың рахат алу мен сүйіспеншіліктен бір ерекшелігі, күрес пен төзімнің, өзіңіздің жеткен жетістіктеріңіздің өнімі.
George Sheehan
Бақыт жеңіл жұмыстарды жасағаннан келмейді. Бұл бір қиын істің шешілуінен соң (бүкіл білігіңізді қажет еткен) қанағат алу сезімі.
Theodore Isaac Rubin
Шын бақыт... болашақ туралы еш ойланбастан ақиқат өмірмен рахаттану, сергу.
Lucius Annaeus Seneca
* * *
Көріп отырғаныңыздай, бақыт туралы әркімнің өз өлшемі бар екен. Сіздіңше, бақыт деген не? Жалпы, бақыт деген ұғымға қалай қарайсыз?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: teenproblem.net
Л. Лига