Бақыт жайлы ұғымы әрқилы оқырманға мына бір тәмсілді ұсынып көрелік.
* * *
Бір жолы ағайынды үшеу орда (терең шұңқыр) отырған Бақытты жолығыстырып қалды.
Бауырлардың бірі орға жақындап келді де, Бақыттан ақша сұрады. Ақшаны қолға алған ол сол арада бақыттан төбесі көкке бір елі жетпей, жүзі бал-бұл жана кете барды.
Екінші бауыр болса, сұлу келіншек сұрады. Және оның да тілегі қабыл алынып, табан астында ол да бақытты болып шыға келді және өз жолымен кете қалды.
Ал үшінші бауыр орға келіп еңкейгенде:
- Саған не керек? - деп сұраған болатын Бақыт.
- Ал саған не қажет? - қайтара сұрау тастады бауыр.
- Мені мына жерден шығарып алшы, - деді Бақыт. Әлгі жерде қол ұшын беріп, Бақытты аман-есен ордан шығарып алды. Бірақ, қарымтасына ешнәрсе сұрамастан, кері бұрылды да, өз жолына түскен-ді. Есесіне, Бақыт оның соңынан ерген еді.
* * *
Қай шешім көңіліңізге толды, тек шыныңызды айтыңыз?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: elims.org.ua