- Негізгі бет
- Жаднама
- Бақылау-касса машинасының чегін...
Бақылау-касса машинасының чегін қай жағдайда бермеуге болады?
Фискалды чек сапасыз тауарларды алған жағдайда сатып алушының құқығын қорғаудың, сондай-ақ төленген соманың бір бөлігі салық түрінде бюджетке түсетінінің кепілдігі болып саналады. Қандай жағдайда чек берілуі тиіс және бақылау-касса машиналарының чегін қай жағдайда бермеуге болатынын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтып берді.
Бақылау-касса машинасының (БКМ) чегі - сатушы (тауарды, жұмысты, қызметті жеткізуші) мен сатып алушы (клиент) арасында ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын БКМ бастапқы есепке алу құжаты. Чек қағаз немесе электронды түрде беріледі.
Ақшалай есеп айырысулар дегеніміз қолма-қол ақша немесе төлем карточкаларын немесе мобильді төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.
Қазіргі уақытта электронды сауда алаңдары арқылы сатып алу біздің күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты транзакциялардың заманауи және ыңғайлы тәсілдерінің бірі болып табылады. Есеп айырысу әр түрлі жолдармен жасалуы мүмкін. Мысалы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардің төлемді қабылдауына арналған түрлі мобильді төлемдер жүйелері бар (QR-код және т.б.)
Қолданыстағы заңнама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінде әртүрлі қосымшалар арқылы сатып алуды жүзеге асырған кезде БКМ қолдану мен фискалды чекті беру міндеттемесі туындайды.
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен қолма-қол ақшасыз төлемдер немесе ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, төлем құралдарының негізінде,сондай-ақ теңгені және шетел валютасын пайдаланбастан да жүзеге асырылады.
Төлем құралы дегеніміз - төлем құжаты немесе электрондық төлем құралы, оларды пайдалана отырып төлем немесе ақша аударымы жүзеге асырылады.
Сәйкесінше, банктік шоттан банктік шотқа аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайда БКМ қолдану бойынша міндеттеме туындамайды.
Н. Үсенова