- Негізгі бет
- Жаднама
- Аз уақыт ішінде...
Аз уақыт ішінде көп кітап оқығыңыз келсе...
Бүгінгі таңда көп адамның кітап оқуға уақыты жоқ. Оның үстіне пейзажды немесе бір заттың детальдарын бірнеше бет етіп суреттейтін кітаптарды ұнатпайды. Осындайда жылдам оқу техникасының пайдасы мол. Оны меңгеру үшін төмендегі ережелерді ескеріңіз.
1. Кез келген жанрдағы бір кітапты алып, оны парақтап шығыңыз. Қай жанрға жататынын, не туралы екенін анықтаңыз. Суреттерін қарап, аннотациясын оқыңыз.
2. Енді кітаптың қай бөлігін оқитыныңызды анықтаңыз. Нақты ақпарат қай бөлімде көбірек жинақталған? Таңдау жасаған болсаңыз, жайлы әрі жарық жақсы түсетін орын таңдаңыз.
3. Кітапты солдан оңға қарай оқыңыз. Әр жолды оқу үшін 1 секунд уақыт бөліңіз. Миыңыз кей сөзді қорытып үлгермейтіні анық. Бірақ уақыт өте келе сөйлемдердің мағынасын оңай түсінетін боласыз. Бұл жерде ең бастысы табандылық пен тәжірибе.
4. Оқыған сөйлемді іштей қайталаудың қажеті жоқ. Әйтпесе жылдамдығыңыз азаяды. Бұл әдеттен қалай арылуға болады? Ол үшін аузыңызда су тұрғандай елестетіп көріңіз. Яғни сөйлей алмайсыз, тек оқисыз.
5. Ешнәрсе ойламаңыз. Жылдам оқыған кезде онсыз да ақпаратты қабылдауға қиналасыз. Ал сізге аз уақыт ішінде ең қажет деген ақпаратты сіңіріп үйрену қажет.
Ал сіз жылдам оқу техникасын білесіз бе?
Қ. Бүйенбай