- Негізгі бет
- Жаднама
- Аз қозғалатыныңыздың 6...
Аз қозғалатыныңыздың 6 белгісі
Аз қозғалысты өмір салты — заманауи адамның өміріне еніп кеткен зиянды әдеттердің бірі. Отырып істейтін жұмыс ыңғайлы көрінгенімен, ол денсаулыққа қатысты қауіпті проблемалардың дамуына әкелуі мүмкін. Оның үстіне аз қозғалысты өмір салтына артық тамақтану, алкогольді сусындар ішу, темекі тарту мен ұйқысыздықты қосу өмірдің айтарлықтай қысқаруына әсер етеді. Жеткіліксіз қозғалатыныңызды қалай түсінуге болады?
Спортпен айналыспайсыз
Жүйелі түрдегі физикалық жүктемелер — дұрыс өмір сүру салтының негізі және егде жаста денсаулыққа қатысты проблемалардың болмауының кепілі. Ересек адамдарға кардиожүктемеге бір аптада 150 минуттан аз емес уақыт бөлу ұсынылады. Оны біртіндеп аптасына 300 минутқа дейін арттыру керек. Спортпен айналысуға аптасына 4 күн бөлу керек. Әйтпесе, семіздік пен жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупі бірнеше есе артады.
Сізде гормонды тепе-теңдік бұзылды
Көңіл күйдің жылдам өзгеруі, етеккірдің ауырып келуі, салмақтың күрт артуы: гормонды тепе-теңсіздік — көптеген әйелдерде болатын қауіпті проблема. Оның пайда болуына әсер ететін себептердің біріне аз қозғалысты өмір салты мен күйзеліс жатады. Гормондар жұмысын қалыпқа келтіру үшін және денсаулықты сақтау үшін күндегі жайға физикалық жүктемелерді қосу маңызды. Ол аэробика, жүгіру немесе йога болуы мүмкін.
Шаршай бересіз
Тамақтануыңызды реттеп, жеткілікті ұйықтауға тырыссаңыз да, күні бойы шаршаңқылық сезсеңіз, оған жеткілкті қозғалмайтыныңыз себеп болуы мүмкін. Отырыңқы өмір салты ағзада холестерин деңгейі мен қан қысымының артып кетуіне әкеледі. Мүмкін проблемаларды болдырмас үшін күні бойы 10 000 қадамнан аз жасамауға тырысыңыз. Бірақ жүру кезінде ыңғайсыздық болмауы керек. Сондықтан қозғалысыңызға кедергі келтірмейтін ыңғайлы киім мен аяқ киім таңдаңыз.
Сізде ас қорытумен байланысты проблемалар пайда болды
Нәжістің бұзылуы, іш астының ауыруы, жүрек айну, іштің кебуі: бұл жағымсыз белгілердің барлығы жеткіліксіз белсенділіктің салдарлары болуы мүмкін. Оларды елемей қоюға болмайды. Егер ас қорытумен байланысты проблемалар пайда болса, міндетті түрде маманға қаралыңыз. Асқазан-ішек жолының жұмысын ретке келтіру үшін таза ауада көбірек серуендеп, рационды дұрыстау керек.
Сізде демікпе пайда болды
Отырыңқы өмір салты үстіртін тыныс алудың пайда болуына әкеледі. Ол жүрек ресурсын біртіндеп азайтады. Бұл физикалық белсенділіксіз симпатикалық жүйке жүйесіне шамадан тыс күш түсуімен байланысты. Ол ағзадағы күйзеліс гормондарының артуын ынталандырады. Демікпенің пайда болу себептеріне артық салмақ, қант диабеті және тыныс алу жүйесі аурулары жатады. Ентігуден арылу үшін жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысын ретке келтіру керек. Сондай-ақ күнде жаяу жүруге және спортпен айналысуға уақыт табу керек.
Арқаңыз бен құйымшағыңыз жиі ауырады
Аз қозғалысты өмір салты уақыт өте бұлшықеттердің жиырылу қабілетін жоғалтуына және олардың әлсіз болуына ықпал етеді. Ол дене мүсінінің нашарлауына, арқа мен құйымшақтың ауыруына әкеледі. Бұл проблемаға, әсіресе, күні бойы компьютер алдында отыратын адамдар шалдығады. Бұл проблемамен күресу үшін жұмыс барысында үзіліс жасап, 5-10 минут жаттығу жасауды әдетке айналдыру керек. Алайда арқаның ауыруы басқа қауіпті проблемаларды да білдіруі мүмкін. Мысалы: омыртқаның зақымдалуы, дегенерациялық артрит немесе түрлі жұқпалар. Егер арқаңыз тоқтаусыз немесе жүйелі түрде ауырса, дәріргерге көріну керек.
А. Жапатова