- Негізгі бет
- Жаднама
- Айран ғана емес:...
Айран ғана емес: ішек микрофлорасын қалпына келтіретін 5 сусын
Ішек – бұл бізде өмір сүретін микробтардың көпшілігі шоғырланған ағза. Ішек флорасының құрамы адамның тамақтану тәртібіне байланысты. Мысалы, микробтар қанықтыратын гормондардың бөлінуін ынталандыратын ферменттер шығарады. Яғни, тамақты үнемі сұрайтын ми мен асқазан емес – сигналдарды тікелей ішектен микроорганизмдер береді.
«Егер біздің денеміз стерильді болса, біз қандай да бір вируспен немесе инфекциямен кездескенде өмір сүре алмас едік. Микробиотаның негізгі қызметі – ағзаны сыртқы ортада тіршілік ететін зиянды бактериялардан қорғау. Асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын жабатын микробтар бізді патогендік микроорганизмдердің енуінен қорғайды», - дейді Анна Гаврикова.
Иммундық жүйе күшті және микробтар тек денсаулыққа жұмыс істеуі үшін оларды дұрыс «тамақтандыру» керек. Бұған белгілі бір тағамдар ғана емес, кейбір сусындар да көмектеседі.
Айран
Айранда көптеген дәрумендерр, минералдар және ең бастысы сүт қышқылы бактериялары (бифидобактериялар мен лактобактериялар) бар. Ол іш жүргізетін әсерге ие болуы мүмкін және, керісінше. Мұның бәрі өндіріс уақытына байланысты. Егер сіз 1-2 күн бұрын жасалған жаңа піскен айран ішсеңіз, ол іш қатуды жеңуге тамаша көмектеседі.
Сүт қышқылы бактериялары біздің ішекке жағымды әсер етеді. Айранның арқасында адамда иммунитет, сүйектер, тістер нығайып, салмақ қалыпқа келеді.
Көк шай
Бұл сусын кофеден гөрі көңілді көтеруге көмектеседі. Ол сондай-ақ ағзадағы қабыну процестерін азайтады, ми тамырларының кеңеюіне ықпал етеді және қандағы артық холестерин деңгейін төмендетеді.
Көк шай –ішектеріміздің дұрыс жұмыс істеуінің нағыз одақтасы.
«Көк шай ішектегі шіру процестерін болдырмайды, осы процесті тудыратын бактериялардың токсиндерін бейтараптандырады. Сонымен қатар, ол салмақ жоғалтуға ықпал етеді, денедегі майды азайтады», - деді медицина ғылымдарының кандидаты Ирина Юзуп.
Комбуча
Комбуча қайтадан танымал сусынға айналды. Көпшілік оны «КСРО-дан шыққан супер сусын» деп атайды.
Енді сіз комбучаны көптеген азық-түлік супермаркеттерінен сатып ала аласыз. Оның құрамында пробиотиктер бар және ішек микрофлорасын қалпына келтіруге көмектеседі деп саналады. Бұл сусын диетаны ұстанатындарға да пайдалы. Себебі ол тәбетті басуға көмектеседі. Бірақ, кез келген адам комбучаны іше алмайды, оның ерекше дәмі бар.
Сүйек сорпасы
Сүйек сорпасы дәрумендерге, минералдарға және коллагенге бай. Өйткені, коллаген біздің сымбатымызға ғана әсер етіп қоймайды. Сүйек сорпасы ішектің шырышты қабығын қоректендіруге көмектеседі, бұл оның дұрыс жұмыс істеуі үшін де маңызды.
Су
Су тапшылығына байланысты біздің ішектеріміз де зардап шегуі мүмкін. Өйткені, бұл ас қорыту жүйесіне тамақтан қоректік заттарды сіңіруге жақсы көмектеседі.
Сонымен қатар, майлы тағамды жақмсы көретіндер суды мейлінше көп іщу керек. Бұл асқазандағы «ауыр» тағаммен тезірек күресуге көмектеседі және іш қату мен газдың пайда болуы сияқты жағымсыз салдардан сақтайды.
Т. Раушанұлы