- Негізгі бет
- Жаднама
- Айнамен қалай ерекше...
Айнамен қалай ерекше сурет түсіруге болады?
Біртекті портрет жалықтырғанда көмекке түрлі қосымша құрал келеді. Мысалы айна. Оның көмегімен ең қарапайым кадрдың өзін түрлендіріп, суретті ерекше қылып жіберуге болады. COOPH шығармашылық ұжымы айнамен ерекше сурет түсіруге болатын 5 тәсіл ұсынады.
1. "Мозаика"
Айнаны шағып, оның сынықтарынан ерекше мозаика жасауға болады.
2. "Айна алаңы"
Кейде идеясы тың, үлкен ой жатқан сурет түсіру үшін айнаның бір сынығы да жетеді.
3. "Симметрия"
Айна арқылы портреттің мінсіз симметриясын түсіруге болады.
4. "Шексіздік"
Айна суретке сондай-ақ, қосымша кеңістік бере алады. Екі-үш айна арқылы бір заттың бірнеше кескінін көрсете аласыз.
5. "Монтаж"
Кішігірім айна сынығын пайдаланып, суретті "тірілтіп" жіберуге болады. Түрлі экспериментке барсаңыз, ерекше суреттер шығары сөзсіз.
"Шағылысатын заттардың мүмкіндігі шексіз. Бастысы шығармашылық ізденіс керек", - дейді COOPH ұжымы.