Ерлердің батылсыздығын айтып, лайықты серігін жолықтыра алмай жүрген қыздарды жиі кездестіреміз. Әбден көңілі қалған соң көбі бойындағы биязылықты жойып, немесе тұрмыстың қалқасында жасыруға тырысады. Ал бұл жігіттердің назарын өзіне қаратуға кедергі келтіріп, жеке өмірін қалыптастыруда сәтсіздікке әкеледі.
Әбігерлік. Қыздардың көбі «көтере алмас шоқпарды беліне байлап», әбігерге түседі. Әбігерлік пен қанағаттану – үйлеспейтін дүниелер.
Шамадан тыс әлеуметтік белсенділік. Негізінде ол махаббаттың жетіспеушілігінің орнын осылай толтырғысы келеді, бірақ бұл жұмыс істемейді. Ол сыртқы жұмыстарын отбасылық міндеттерден тыс уақытта және жаны қалаған соң жасауы тиіс.
Сыртқары байланыстың тым артықтығы. Әйел адам әрдайым өзін жайлы сезінетін ортада жүруі керек. Ерлер өз қарсыластарымен бірге өмір сүре алады, өйткені олар қиындықтарды жеңу арқылы шабыт алады. Ал әйел өзіне жайсыз ортада жүрмеуі тиіс. Тағы бір қателік: өзіне ұнамайтын іспен айналысу.
Жұмыс. Неге? Әйел адам онда қиындықтарды жеңуі тиіс, әдетте ол ерлердің жұмысын істейді. Ол әйел ісімен айналысса да, көп уақытын жұмысына бөледі, демек үй тірлігінен алыстап қалады. Егер бұл әйелге ұнамаса, егер ол таңертең әрең тұрып, жұмысына барса, демек бұл әйел атқаратын жұмыс емес.
Шалбар. Бұл ерлер киімі. Сонымен қатар әйелдің шектеулі, жұтаң, солғын немесе өзіне ұнамайтын гардеробы. Мұнда тағы әйел өз киімдерін сақтайтын арнайы шкафының болмауы да кіреді. Шкаф әйел үшін бір әлем.
Әйелге тән емес шаш үлгісі. Бұл қысқа немесе ұзын дегенді білдірмейді, алайда ұзын болғаны жақсы. Ол жинақы, күтімді болуы қажет. Қысқа шаш құнтты болғанымен, құнттылық – бұл ерлерге тән қасиет.
Әшекейлердің болмауы. Аксессуарларды таға білмеу. Ерлердің міндеті – әшекей сыйлау, бұл гауһар бола ма, әлде бижутерия бола ма, маңызды емес.
Денесін күтпеу. Косметикалық процедуралар жасамаумен қатар, физикалық жаттығуларды елемеу де әйелді биязылықтан айырады.
Тұйықтық. Байланыстан қашу. Әйел адам эмоциясын көрсетуден жасқанады. Қыздардың кейбірі тек жақсы эмоция көрсетуі керек деген пікірде, алайда бұл дұрыс емес. Оның жанында ол кез келген эмоциясын қымсынбай білдіре алатын адам болуы керек.
Сүйікті ісіңнің болмауы. Бұл ақша әкелмесе де, рухани ләззат сыйлайтын жаныңа жақын іс. Ал ер адам мұны қолдауы тиіс. Егер әйел адам тігуді ұнатса, оған тігін машинасын сатып алып беруі керек. Егер бұл караоке немесе би болса, оны сонда апаруы керек. Ал әйел адам мұның қалыпты екенін түсініп, уақытын бөлуі қажет.
Шығармашылықтың болмауы. Хоббиге ұқсас болғанымен, бұл бөлек заттар. Гүл отырғызу, гүлзар, жиһаз: әйел адам шығармашыл болуы керек. Ол осы шығармашылығын көрсете алатын кішкентай әлемі болуы қажет. Ер адамның да үйде әйел істей алмайтын жұмыстары болады. Демалыс кезінде бір аптада жиналған жұмыстарды істейді. Егер демалыста жата берсе – ол деградацияға ұшырайды.
Басқаруға талпыну. Әйел адамдардан жақсы басшы шығады, дегенмен бұл іске бас сұғудың қажеті жоқ, бұл оның табиғатына жат. Әйел адам шабыт беруі қажет. Сыртқы істерді тек ер адам шешеді. Мысалы, әйел адам несие алуды жөн көреді де, кейін оны қалай төлеймін деп бас қатырады. Мұндай сұрақтарды тек ер адам шешеді, ал әйел адам бұл туралы білмеуі керек.
Дау-жанжал. Әйел адам дау-жанжалға араласпауы керек, онымен қарым-қатынас жайлы болуы тиіс. Әсіресе бұл ерлермен қарым-қатынаста маңызды, егер ол ерлермен жиі дауласса, ол дөрекі бола бастайды.
Ерлер міндеті. Жиһаздарды жылжыту, өнеркәсіпті басқару, рота басқару, отбасын асырау үшін жұмыс істеу, несие төлеу... Мұның бәрі ер адамның ісі.
Бәсекелестік. Әйел табиғаты бәсекелестік кезінде бұзылады. Әйел адамға біреуден артық екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Және бұған эгоизмнің қатысы жоқ.
Тәуелсіздік. Өз күнін өзі көру, күш-жігер, қатаң бақылау, табандылық таныта күресу.
Тәкаппарлық. «Өзім» деп тұратын әйелдер. Немесе кез келген жағдайда: «Мен бұдан да жақсырақ, сапалырақ, тезірек істей аламын» деп ойлайды. Кейде тәкаппарлық: «Не үшін қорланып, бірдеңе сұрауым керек?» деген сөзінен білінеді.
Нәтижеге құштарлық. Әйел адамның: «Егер осы болмаса – көңілім толмайды» деуі. Ақылды әйел барымен – базар болады. Әйел адам өз ақшасын өзіне жаратқаннан ләззат алмайды. Ол ер адам жасаған сыйлықтардан ләззат алады.
Ашу, нақтырақ айтқанда – дұрыс көрсетілмеген ашу. Ашу – бұл реніш, айыптаушылық, балағаттау.
Механикалық өмір. Әйел адам істерін махаббатпен істеуі қажет.
Шағымдану. Әйел адам шағымданбайды, ол жай ғана өтініш білдіруі керек. Ал ол шағымданғанда, біреу кінәлі болады. Өтініш пен шағымның айырмашылығы көңіл-күйге байланысты.
Ерлердің спорт пен демалыс түрлері. Балық аулау, баскетбол мен футбол әйел адамға жараспайды.
Құрбыларының болмауы. Әйел адамға сырлы әңгімелерді айту үшін әйел адам керек.
Жеке уақытының болмауы. Жай ғана ерігуге де уақыт таппау. Сонымен қатар әйел адамға бекер уақыт өткізу мен ақша шашып тұру да артық етпейді.
Толыққанды ұйықтамау. Әйел адам ұйқысы қанғанша ұйықтап, өзін сергек сезінуі міндетті.
Осы сөздерді оқып отырған әрбір ханшайым тағы да қайталанбас елітер биязылыққа ие болсын, алайда, қазірдің өзінде әрқайсыңыз муза болуға лайық жан екендеріңізге сенімдіміз!
Сурет: ya-lady.net, askalex.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина