Әйел адамның ағзасы нәзік болғандықтан ерекше күтімді қажет етеді. Әрі үй шаруасы, бала босану, бала күтімі т.б физикалық өзгерістер әйел ағзасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан қыз-келіншектердің әдемілігін сақтап, денсаулығы мықты болуы үшін дәрумендерге толы, пайдалы әрі құнарлы тағамдарды жегені жөн.
Ал ол тағамдардың тізімі төмендегідей:
1. Балық (гормондар үшін)
2. Брокколи (қатерлі ісікке қарсы)
3. Бұршақтар (дене сымбатын сақтау үшін)
4. Сұлы (күш-қуат үшін)
5. Зәйтүн майы (сұлулық үшін)
6. Жаңғақтар (ақыл-ой үшін)
7. Жеміс-жидектер (жастықты сақтау үшін)
8. Сүт өнімдері (сүйектердің мықтылығы мен терінің әдемілігі үшін).
Сондай-ақ, көңіл-күйдің жақсаруы үшін аз мөлшерде шоколад жеп тұрғанның артықтығы жоқ.
Дереккөз: baq.kz