- Негізгі бет
- Жаднама
- Аязды күні не...
Аязды күні не істеуге болмайды?
Қазір бәріміз есейдік, бірақ минус жиырма градус температурада темір әткеншекке тілімізді тигізуге болмайтыны есімізде жақсы сақталды. Алайда аязда жасауға болмайтын басқа да істер бар екенін ұмытпайық.
Ыстық шай ішу
Аязды күні үйден шығарда ыстық шайды "артығымен" ішіп алудың қажеті жоқ. Біріншіден, барлық қан асқазанға бағытталады, екіншіден, тамырлар жылдам кеңейеді. Бірақ сіз аязға шыққан бойда тамырлар қайтадан жылдам тарыла бастайды. Сол себептен өзіңіз ойлағаннан да тез тоңа бастайсыз.
Көлік жуу
Көлік әрқашан таза болғаны, әрине, жақсы. Алайда аязды күні көлік көп кірлейді. Біріншіден, аязда оны жуу кезінде лак пен бояу жағылған қаптама тез бұзылып, жылтыры кетеді. Аяздан жылы көлік жуатын жерге кірдіңіз, кірді кетіру үшін жылы суды қолданып, одан соң қайтадан аязға шыққан жағдайда аздаған жарық пайда болады. Тағы бір кемшілігі, жуып болған соң есіктің құлыптарында және есіктегі нығайтқыш резеңкелердің ішінде қалып қойған су қатып қалады.
Бас жуу
Аязды күні далаға шықпас бұрын басты жуып, толық кептірмей, бас киімге немесе капюшонға сеніп шыға салуға болмайды. Бас – негізгі ағзалардың бірі, ол біздің 1\7 бөлігімізді құрайды. Бастан жылу жылдам әрі белсенді кетеді (сондықтан жаңа туылған нәрестелердің басына міндетті түрде бас киім кигізеді, бас олардың 1\3 бөлігі). Толықтай кептірілмеген бас жылдам мұздап, сіз де тоңа бастайсыз.
Мойынорағыш арқылы тыныс алу
Аязды күні мұрынмен тыныс алу жағымсыз болғанымен, өте пайдалы. Мұрынмен жұтқан ауа аздап жылынып үлгереді. Мойынорағышпен мұрнымызды жауып, астынан аузымызбен дем алудың еш мәні жоқ. Себебі матаға тыныс алу кезінде конденсациялау арқылы алынған сұйықтық пайда болады, оның тамшылары мұздап, мұзды тордан тыныс алғандай боласыз. Соның салдарынан ангина шығып кетуі мүмкін.
Ұзақ уақыт коньки тебу
Аяғыңыздағы конькиді тығыздап тартып байлау арқылы ыңғайлы сырғанайсыз. Тартып байланған коньки аяқтың беткей тамырларын қысып тастайды. Сондықтан жарты сағат коньки тепкен соң, киім ауыстыратын жерде 10 минут жылынып алу қажет. Содан соң қайтадан сырғанауға шығуға болады. Уақыт өте аяқтарыңызды демалтуды ұмытпаңыз.
А. Жапатова