- Негізгі бет
- Жаднама
- Аяқтан білінеді. Кардиолог...
Аяқтан білінеді. Кардиолог қан ұйып қалуының 5 белгісін атады
Кенеттен өлімнің ең көп таралған себептерінің бірі – тромбоз. Қан кез келген уақытта ұйып қалып, салдары ауыр болады. Қанның ұюын қалай білуге болады? Эндокринолог, кардиолог Алексей Жито осы сияқты маңызды сұрақтарға жауап берді.
"Тромб – бұл біздің тамырдағы қанның ұйып қалуы. Олардың миссиясы өте маңызды. Тромбтар бізді қан жоғалтудан қорғайды. Егер олар мүлде жоқ болса, денемізде кішкене жарақат болса да адам қан тоқтамауынан өліп кетуі мүмкін", - дейді эндокринолог Алексей Жито.
Бірақ торбоздың кері әсер ететін кездері де болады.
Тромбоз 3 факторды біріктіргенде пайда болады:
• қан ағымының бұзылуы;
• қанның ағымы күшінің өзгеруі;
• эндотелийдің зақымдалуы - қан тамырларының ішкі қабаты.
Неліктен қан ұйып қалады?
Тромбоздың өзіндік қауіп факторлары бар дейді эндокринолог. Негізгі:
• генетикалық бейімділік,
• атеросклероз,
• варикозды тамырлар,
• ота жасалғанда,
• отырықшы өмір салты.
Біздің денеміздегі әрбір ағза оттегіге мұқтаж. Қанда қалқып жүретін тромбтар ағзаны қатты аштыққа әкеледі. Бұл жағдайда жасушалар өледі, ал ағза нашар жұмыс істей бастайды.
"Қан ұйығанда өкпенің, жүректің, мидың үлкен тамырлары бітеліп қалғанда, адам өміріне қауіп төнеді. Тромбоэмболия деп аталатын бұл жағдай аритмияға, қабынуға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін", - дейді дәрігер.
Қан ұйып жүргенін қалай білуге болады?
"Қан ұйып қалатын болса оны сіз де біле аласыз", - дейді Алексей Жито.
Сонымен, тамырдың бітеліп қалғанын белгілері:
• аяқ мұздайды, ол тек шағын аймақ болуы мүмкін,
• аяқтың кейбір бөлігінде өткір ауырсыну пайда болды, бірақ бір қарағанда бәрі жақсы сияқты көрінеді,
• аяқтың тамыры қызарады, қатайып кетеді,
• кеудеде ауырлық пен шаншу пайда болды,
• тыныс алуыңыз қиындап кетеді.
"Дәрігерге бару және қан тамырларының ультрадыбыстық зерттеуі сияқты тексерулер қан ұюын анықтауға көмектеседі және оның нәтижесін ЭКГ-да көруге болады. Кейбір жағдайларда дәрігер басқа сынақтарды тағайындауы мүмкін", - дейді доктор Жито.
Тромбоздың алдын алу туралы
Ең бастысы – тамақтануға мән беріп, отырықшы өмір салтынан аулақ болу. Жаман әдеттерден бас тартып, көбірек серуендеп, спортпен шұғылданыңыз.
Диета липидтер мен көмірсулардың балансын қалыпқа келтіретін, тұз мөлшерін реттейтін және метаболизмді жақсартатын, қан тамырын нығайтатын және қалпына келтіретін биофлавоноидтарды күнделікті рационға енгізетіндей етіп құрастырылуы керек.
Келесі өнімдерге баса назар аудару керек:
• өсімдік майы;
• көкөністер (картоп пен қант қызылшасынан басқа);
• майы аз жаңа сауылған сүт;
• кебек нан;
• майсыз ет;
• жаңғақтар;
• ащы шоколад;
• майлы теңіз балығы (немесе балық майы).
"Бірақ ысталған шұжықтан, қуырылған картоптан, фастфудтан, алкогольден, кептірілген және тұздалған балықтан, сүтті шоколадтан бас тарту керек. Айтпақшы, бұл ұсыныстар тромбоздың ғана емес, басқа да қауіпті патологиялардың қаупін азайтуға көмектеседі", - дейді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін онколог тамақ жегенде білінетін қатерлі ісік белгілерін атаған болатын.
Т. Раушанұлы