- Негізгі бет
- Жаднама
- Автокөлік сатып алуға...
Автокөлік сатып алуға ақша қайдан табамын?
Шетелдік автокөлік қазіргі күні қалталы адам деген ұғыммен бірге айтыланы белгілі. Бірақ кез келген көлік — шығын екені белгілі. Әсіресе ол шетелдік автокөлік болса. Сатып алу, жанармай, жөндеу... Дегенмен, қазір орташа жалақы алатын кез келген адам өзіне көлік сатып ала алады.
1. Алдымен сізге көлік не үшін керек? Егер сіздің отбасыңызда көп адам болса, аптасына саяжайға барып демалатын болсаңыз, саяхатқа шығу жоспарыңызда болса онда бір бөлек. Бұл жағдайда ең жақсы шешім — жол талғамайтын көлік сатып алу. Ол қазіргі таңда қымбат тұрады, бірақ несиеге алуыңызға болады немесе пайдаланылған көлікті арзанға сатып алуыңызға болады. Қалада кішкентай автокөлікпен жүруге де болады. Өзіңізге қажетті таңдағаннан кейін сіз оны сатып алу жолын да таңдай аласыз.
2. Қарапайым халық үшін 1,50000 теңгенің өте көп ақша. Сондықтан несиеге алу ең тиімді шешім. Несиеге көлік сатып алып 5-7 жыл шамасында үстеме пайыздарын төлеп, көлікті иелену бәрінен оңай. Осылайша көлікке алынған несиені төлеуді жеңілдету үшін жұмыс орнында жалақыңызды көтеру керек немесе шығындар есебін азайтуыңыз керек.
3. Несиеге көлік сатып алу — өте оңай жұмыс. Автосалонға келіп, көлігіңізді таңдап, қосымша мүмкіндіктерін қосып алуыңызға болады. Автосалонның несиелік бөлімінің қызметкерлері сізге ыңғайлы несие алу жолын ұсынады және алғашқы төлем, кепілдеме мен ай сайынғы төлем сомасын есептеп береді. Осыдан кейін сіз барлық құжаттарды жинақтап (жеке куәлік, жұмыс орнынан мәліметтер, зейнетақы қорынан ақпараттар), банктің шешімін күтесіз. Банк сізге келісім берсе, өзіңізге ыңғайлы несие алу жолын таңдай аласыз. Алғашқы төлемді жасағаннан кейін автокөлікті алып кетуіңізге болады.
4. Кейбіреулер пайдаланылған автокөлікті сатып алуды жөн көреді .Бұл жерде тәуекелге барасыз: сатушы сізге жөндеуді көп қажет ететін бұзық автокөлікті сатуы әбден мүмкін. Алайда, егер сіз автокөлікке және оның иесіне толықтай сенсеңіз автокөлік сатып алудың бұл да бір ыңғайлы жолы. Пайдаланылған автокөлік — әрдайым арзан автокөлік бола бермейді. Олардың ішінен жинақы, таза және жаңадан кем емес автокөліктер де табылады.
5. Сәйкесінше, мақсатыңыз айқын болса (мысалы, Toyota Land Cruiser 200 сатып алу), оған қажетті сома да айқын болса, көлікке қаражат табу да алғашқы қарағанда жеңіл болады. Жалпы айқындалған мақсат үшін қаражат жинау, белгісіз дүниеге қаражат жинағанға қарағанда өте жеңіл екеін ұмытпаған жөн. Алдымен көлікті 2 жыл ішінде сатып алу үшін ай сайын қанша теңгеден жинап отыру керектігін есептеп алыңыз. Ай сайынғы сома аз болмайтыны белгілі. Ай сайын мұндай соманы жинап отыру үшін келесідей тәсілдерді қарастырдық:
1. Шығыс күнделігін дайындау, талдау жүргізу, қажет емес дүниелерге шығынданбау (мысалы, кафеде тамақтанбай, үйден тамақтануға болады. Автокөлік мұндай үнемдеуге лайықты.)
2. Қосымша жұмыс көздерін іздеу. Көбіміз 5 күн ішінде сағат таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс жасаймыз. Қалған уақытыңызды көлік алу мақсатында жұмсауыңызға болады. Мысалы, жұмысыңыздан қосымша жобалар алып, қосымша жалақы үшін дайындауыңызға болады немесе аударма жасаумен, бағдарлама дайындау секілді ақша табу жолдарын қарастырыңыз.
3. Жұмыс орнынан лауазымыңызды көтеруді сұрауыңызға болады. Әрине, ең жақсысы жоғарыда айтылған барлық тәсілдерді қолдансаңыз нәтижелі болады. Көлікті бір күн ішінде сатып алмасаңыз да, еңбектенгеніңіздің арқасында көлік алуға жақсы қаражат жинай аласыз деп үміттенеміз.
дереккөз: kenester.kz Т. Есқали