- Негізгі бет
- Жаднама
- Атақты мемдердің кейіпкерлері...
Атақты мемдердің кейіпкерлері қазір қайда жүр?
Әлеуметтік желілер дамыған заманда түріңіз мемге айналу үшін бір суреттің өзі жеткілікті. Мемдер интернетті ойлап тапқанға дейін пайда болған, бірақ желілердің дамуымен ол кең таралып, бұқаралық мәдениеттің бір бөлігіне айналды. Күтпеген жерден әлемге танымал болған және көпшіліктің сүйікті мемдеріне айналған адамдар қазір қандай?
Суреттегі баланың есімі — Сэмми Гринер. 2007 жылы оның анасы Лэйни Гринер құм жейін деп жатқан баласының суретін (Flickr-де) жариялайды. Сурет алғаш рет "Мен құмды қамалдарды жек көремін" деген меммен танылды. Бұл оның анасына ұнаған жоқ: оған ол тентек балаға ұқсап қалғандай көрінді. Ол негізінде құмды қамалдаржды жақсы көретін. содан соң "Табысты бала" мемі жасалды. Содан бері бұл сурет түрлі жарнамалық хабарландырудан, футболкаларда шыға бастады. Қазір бала 15-ке келді.
2004 жылы Зоуи Руттің әкесі қызын көршілердің жанып жатқан үйінің фонында суретке түсіреді. Бұл кезде қыз 4 жаста болатын. 2007 жылы оның әкесі Дэвид суретті Zooomr хостингіне салады. Содан соң ол вирусты суретке айналды. Зоуи қазір 22 жаста. Ол мектепті үздік аяқтады, қытай тілін біледі және Гаитиде ерікті болып жұмыс жасады.
Бұл мем 2013 жылы YouTube желісінде «Lily’s Disneyland Surprise… AGAIN!» видеосы жарияланғаннан кейін пайда болды. Видеода Хлоя мен Лили есімді апалы-сіңлілер ата-анасымен бірге Диснейлендке баратынын біледі. Бұл жаңалықты естіген Лили қуаныштан жылап жібереді. Сол кездегі Хлояның реакциясы мемге айналып кетті. Бір қызығы, Хлоя роликте аз ғана уақыт көрінеді. Бірақ оның түрінің мемге айналуына сол да жеткілікті болды.
Суреттегі қыздың есімі — Миа Талерико. Бұл кадр "Сәттілік, Чарли" американдық сериалынан алынған. Бұл сериал 2010 жылы шыға бастады және мемге айналған сәт "ата-анамен танысу" сериясында көрсетілді. Ол кезде кішкентай актриса 2 жаста болатын, ал қазір ол 14-те.
Камераға жақтырмай тұрғандай қарап тұрған ит ең атақты мемдердің біріне айналды. Бұл ит сиба-ину тұқымына жатады. Бұл сурет Доге деген есіммен тарағанымен, негізі иттің аты — Кабосу. Оның иесі — жапон балабақшасының тәрбиешісі Ацуко Сато. Ол өзінің жеке блогына итінің бірнеше суретін салады, біреу оны Reddit сайтына репост жасайды. Содан бері ол тарап, мемге айналады.
Ренжіп отырған мысық — әлемдегі ең атақты мысық және мем. Мысықтың аты — Tardar Sauce (Соус Тардар). Оны үстіндегі дақтардың түсіне байланысты қойған. 2012 жылы мысықтың иесі оның суретін Reddit сайтына жариялайды. Ол бірден тарап кетті. Мысықтың иесі — Табата Бундесен Фейсбукте оның парақшасын ашып қойған. Оның 8,7 миллион оқырманы бар. Сондай-ақ оның жеке сайты да бар. Танымал мысық жарнамаға да түсіп үлгерді және ол туралы екі кітап жазылды. Соус Тардар 2019 жылы жұқпа асқынып кеткеннен қайтыс болды.
Мем кейіпкері — Майкл Макги. Суретті оның досы 2014 жылы қалжың үшін түсіріген. Ол кезде олар Техастағы Норсвест мектебінде оқитын. Суретте жігіт күшеніп отқандай көрінеді. Алайда сурет көпшілікке тарап кеткеннен кейін Майкл бұл кезде камераға қарап, тынысын ұстап тұрғанын айтты.
А. Жапатова