Асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Жұлдыз жорамал: 05.12.2022 – 11.12.2022

Асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Жұлдыз жорамал: 05.12.2022 – 11.12.2022
Фото: ru.freepik.com

Бұл апта жұлдыз белгісінің көпшілік өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктерге толы болмақ.

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Бұл апта сізді жағымды жаңалығымен қуантады. Ұтымды жағдайларда қанаттанып, көтеріңкі көңіл күймен жүруге ықпал етеді. Алайда, үлкен қателік жібермесеңіз де, басшылығыңыз сөгіс айтуы мүмкін. Алайда оны жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Басқалардың кеңестеріне емес, тек өз тәжірибеңіз бен интуицияңызға сеніңіз. Әйтпесе, жағдайды да, сізді де түсінбей, дұрыс емес кеңес беретін адамдар табылады. Достарыңыздан және жақындарыңыздан салқындық сезуіңіз мүмкін. Оның себебі бұл аптада эмоционалды күйде боласыз.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Денсаулығыңызды күтіңіз, артық тамақтанбаңыз, мүмкіндігінше, адам көп жиналатын орындарға бармауға тырысыңыз. Бюджетіңізден жасырын резерв іздеу керек болады. Шопингті кейінге қалдырыңыз. Апта шығармашылық жұмысқа және стандартты емес шешімдер табуға қолайлы болмақ.

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Өте жылдам әрекет ету қажет. Әйтпесе, бұл кезеңнің қолайлы мүмкіндіктерінен айырылып қалуыңыз мүмкін. Егер күніңіз сәтті өткенін қаласаңыз, икемді болыңыз. Ата-анаңызбен сөзге келмеуге тырысыңыз, серігіңіздің кей қылықтарына көз жұмып, әлеуметтік желілердегі комментарийлерге мән бермеңіз.

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Қаржылық салада өз интуицияңызға сенуге болады. Егер соңғы кездері бірмәнді жауабы жоқ көп сұрақ жиналып қалса, аз уақытқа логика жайлы ұмытып, интуиция бойынша шешім қабылдаңыз. Бұл аптада сізге жақсы идеялар келеді. Оларды іске асыру оңай болмайды, бірақ ойлағаныңыздан бас тартпаңыз.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Бұл аптада жақындарыңыз немесе достарыңыз сізден көмек сұрауы мүмкін. Олардың проблемасына еніп, барынша көмектесуге тырысыңыз. Жұмыста қосымша тапсырмалар беруі мүмкін, бірақ бұл материалдық жағдайыңызды жақсартады.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Бұл апта ойлап жүрген нәрселерді жоспарлағаннан да бұрын аяқтауға жақсы кезең. Бұл әсіресе іскерлік салада жүзеге асады: ескі жоспарлаңызды еске түсіріңіз және оларды іске асыруға тырысыңыз. Бір қарағанда аса маңызды емес болып көрінген жағдай өмірдегі үлкен өзгерістерге бастама болуы мүмкін.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Жылдам шешім қабылдау керек болады. Интуицияңыз берген белгілер қателік жібермеуге көмектеседі. Ұзақ мерзімді мақсат қойыңыз. Позитивті көңіл күй мен өзіңізге деген сенім жақсы нәтижеге жетуге, соның ішінде материалдық өсуге көмектеседі.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Осы аптада өміріңізді өзгертетін күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Бұл жұлдыз белгісінің жалғызбасты өкілдері өз махаббатын кездестіреді. Кәсіби салада да сізді табыс күтіп тұр. Алайда тынымсыз еңбек ету керек болады.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Бұл белсенді серіктестікке жақсы кезең. Көпшілік сұрақты біріге шешу керек болады. Бұл аптада кез келген жанжалды шеше аласыз. Ниеттес адамдармен бірге жұмыс істеуге тырысыңыз. Жоспар бойынша әрекет етіп, білікті адамдардың кеңесіне құлақ түрген жөн.

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Апта ерекше ұсыныспен басталады. Одан бас тартуға асықпаңыз. Бұл жиһаз немесе тұрмыстық техника алуға жақсы кезең. Сәттілігіңізді ұсақ-түйекке пайдаланбаңыз, жиналып қалған, осы аптада сұрақтардың ішінен ең күрделілерін қолға алыңыз.

Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Жаңа нәрсе бастауға тырысыңыз. Жұмысқа кіріскен бойда ары қарай қалай әрекет ету керегін бірден түсінесіз. Жылдам әрі тиімді нәтижеге таңғаласыз. Қаржылық сұрақ жағынан бұл апта қолайлы болмақ. Тиімді келісімшарт жасауыңыз немесе ұзақ сапарға шығуыңыз мүмкін.

А. Жапатова