- Негізгі бет
- Жаднама
- Әсіресе ерлерге зиян....
Әсіресе ерлерге зиян. Анатомия маманы неліктен аяқ айқастырып отыруға болмайтынын түсіндірді
1994 жылы ғалымдар қызықты статистика жүргізді. Адамдардың 62% оң аяғын сол жағына айқастырып отырғанды ұнатады екен. Сауалнамаға қатысқандардың 26%-ы сол аяғын оң жақа айқастыруды ұнатса, 12%-ы жалпы аяғын айқастырып отырғанды қаламайды екен. Бұл позицияда отыру ыңғайлы болуы мүмкін, бірақ адам анатомиясының маманы Адам Тейлор аталмыш әдет денсаулыққа зиян келтіретініне сенімді.
Аяқ айқастыру неге зиян?
ScienceAlert хабарлауынша, креслода немесе орындықта аяқты айқастырып отырудың екі жолы бар. Бірінші әдіс тізенің үстіне екінші аяқты қою болса, екіншісі – тобық арқылы аяқты айқастыру. Бұл әдістердің әрқайсысы өзінше адам денсаулығына зиян келтіреді. Тізе арқылы аяқ айқастыру тобықтан гөрі зияндырақ болуы мүмкін.
Аяқ айқастыру қан айналымы жүйесін бұзады
Адам Тейлордың айтуынша, аяқ айқастырудың негізгі қауіптілігі - бұл қалыпта бір жамбас екіншісінен сәл жоғары болады. Осыған байланысты қан тамырлары арқылы қозғалыс жылдамдығы бұзылуы мүмкін, бұл адам өміріне қауіп төндіретін қан ұйығыштарының пайда болуына әкеледі. Сондықтан қысымды өлшеу кезінде екі аяқты еденде ұстау қажет.
© SPL
Аяқ айқастыру омыртқаның қисаюына әкеледі
Сондай-ақ, анатомия маманы аяқ айқастыру бұлшықеттердің ұзындығының өзгеруіне және жамбастағы сүйектердің орналасуына, сондай-ақ омыртқа мен иықтың қисаюына әкелуі мүмкін екенін айтады. Өйткені адам аяғын екінші аяғының үстіне қойғанда, дененің жартысы тірексіз қалады. Бұл омыртқаны бұзып қана қоймай, сонымен қатар иық, мойын және бастың дұрыс емес орналасуына әкеледі.
Аяқтарды айқастырып отырудың тағы бір қаупі - трохантериттің даму қаупінің жоғарылауы.
Аяқ айқастыру ерлерге зиян
Әсіресе ерлердің аяғын айқастыруы зиян, себебі бұл ұрық жүйесіне кері әсер етеді. Адам Тейлордың айтуынша, ұрық безі стандартты дене температурасынан 2-6 градус Цельсий температурасында төмен болуы керек. Яғни, аяқ арасы аймағындағы температура шамамен 30-34 градус Цельсий болуы керек. Ер адам аяғын айқастырғанда, шап аймағындағы температура 3,5 градусқа немесе одан да жоғары көтерілуі мүмкін (шамамен 39 градус), бұл өндірілетін сперматозоидтардың санының төмендеуіне және оның сапасының нашарлауына әкеледі. Жалпы, аяқ айқастыру бедеулікті де тудырады.
© freundin
Аяқ айқастырудың пайдасы
Дегенмен, аяғыңызды айқастырудың пайдасы бар. 2016 жылы Physical Therapy Science журналында мұндай поза аяқтарының ұзындығы әртүрлі адамдарға көмектесетіні айтылған - уақыт өте келе олар бұлшықеттердің созылуына және жамбас сүйектерінің орналасуына байланысты теңесуі мүмкін.
2020 жылғы PubMed есебіне сәйкес, аяқ айқастырып отыру омыртқа мен аяқ арасындағы салмақты тасымалдауға жауап беретін сакроилиялық буындардың жағдайын жақсартады. Ал 1995 жылы ғалымдар мұндай поза қиғаш бұлшықеттерден кернеуді жеңілдететінін анықтады.
Т. Раушанұлы