Қыз-келіншектерге арналған Сosmo журналы мына киімдерді мүлде кимеуге кеңес береді. Журналдың жазуынша, бұл арзан киімдер ажарыңызды ашпайды. Сондықтан гардеробыңыздан алып тастаңыз.
1. Ақ туфли. Оның орнына ақ кроссовкі, танкетка, кеды кисеңіз болады.
2. Жасанды материалдан жасалған сапасыз сөмке. Масс-маркет сапаға ақша жұмсамайтындықтан, кез келген базардан сапасыз сөмкені таба аласыз.
3. Декор бұйымдарын көп тақсаңыз, өзге жұрт бейнеңізді қабылдай қоймас. Ұсақ-түйекке бүйрегіңіз бұрып тұрса, француз қыздарының стилін қайталап көріңіз.
4. Қатты ашық түсті киімдер өткен күннің еншісінде қалды. Тез арада бұндай киімдерді лақтырып тастаңыз, өйткені бүгінде ашық, жасанды түсті киімдерді талғамсыз арулар киеді деген түсінік бар.
5. Фэйк-заттарды кез келген базардан, жер асты өткеліндегі бутиктерден таба аласыз. Жалған "Луи Вюиттонды" сатып алғанша, сол ақшаға бағасы арзан былғары қара түсті сөмке алсаңыз, ұтылмайсыз.
6. Бүгінгі таңда Сваровский әшекейлері ғана мойындалады. Киімге желіммен жабыстырылған арзан жылтырақтар бейнеңізді бұзады. Өйткені әшекейдің сапасы алыстан-ақ мен мұндалап тұрмақ.
7. Жалтырайтын түссіз колготкі, әсіресе, суретке түскенде сізді көптің арасынан ерекшелейтін болады. Жақсы мағынасында емес, әлбетте. Сондықтан қымбат колготкіден ақшаңызды аямаңыз.
8. Бұл тізімге арзан сағатты қосып отырмыз. Мың теңгенің сағатын таққанша, тақпаған дұрыс.
9. Тоқымадан басқа материалдан жасалған арзан киімдер де сыртқы келбетіңізді "арзандата" түседі.