Арманға жетуге кедергі болатын жалғыз нәрсе

Арманға жетуге кедергі болатын жалғыз нәрсе

АҚШ-тың экономика саласындағы алпауттарымен баспасөз мәслихаты өтіп жатты. Льюис Уокерге тілші сұрақ қойды: «Қандай себептер адамды жеңіліске жетелейді?»

Льюис: «Ойға алған нысананың бұлыңғыр болуы» деп жауап берді.

Льюис Уокер түсіндіріп былай деді: «Сізде қандай арман бар, сіздің мақсатыңыз не, – деп сұрасам, сіз болашақта бір ұлы таудың басына үй салып, тыныш өмір сүрсем деп жауап қатуыңыз мүмкін. Онда сіз өте бұлдыр, анық-қанығы белгісіз дүниені айтып отырған боласыз. Мәселенің төркіні ең алғаш, бастапқыда ойға алған іс анық, тым қол жетпес сөлекет болмауы керек. Бағдарыңыз айқын болған сайын жеңіске жету, табысты болу мүмкіндіңіз жоғарлай береді».

Сөз соңында Льюис: «Сіз шынымен де тау басына үй салуды ойға алсаңыз, алдымен сол тауды табуыңыз керек, сосын тау басына салынатын үйдің құнын есептейсіз. Ол 5 жыл не одан да көп уақытта дайын болуы мүмкін. Ол күнге дейін сіз кетеін ақшаны есептеп көріңіз, әрі, ай сайын сол есептелген қаржыға жету үшін ақша жинауыңыз керек. Сонда ғана ол ойға жетесіз. Ал бұларды ойламай, бұл тек ауызда айтылған сөз, тәтті қиял ретінде қарасаңыз онда нақты іске көшпейсіз, дәмеңіз осылайша құрып кете барады. Сондықтан, ойға алған әрбір істің анық-қанығы көкейіңізде сайрап тұруы керек».

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: kids21.cn

M. Auelkhan