Эзотериктер егер армандарымызды дұрыс жазсақ олар тез орындалады деп есептейді. Ойларымыздағы сан арман арасынан қалауымызды әрдайым нақтылауымыз маңызды. Жалпы армандарымыз тез арада жүзеге асуы үшін не істеу керек? Қалай дұрыс армандау керек?
1-ереже: тілеуімізді жазып қою керек. Қисынсыз көрінгенімен, бірақ нақты қалауыңды жазу – шынымен қиын. «Мен үйім болғанын тілеймін». Дұрыс жазылған ба? Расында дұрыс емес екен. Мұндай тілектің іске асуы әбден мүмкін, бірақ қашан? Яғни, нақты мерзімі көрсетілмеген тілектер мәнсіз. Сондықтан келесі ережеге назар аударыңыз:
2-ереже: тілектердің орындалу мерзімі мен атқарылу кезеңі нақты белгіленуі керек. Мысалы, «2012 жылдың наурыз айында мен үлкен плазмалық теледидар сатып алып жатырмын». Тіпті егер: «Теледидар сатып аламын» десек те қателескен боламыз. Өйткені жазылған тілек міндетті түрде орындалады, бірақ қалаған кезеңде емес. Осылайша, үшінші ережеге назар аударамыз:
3-ереже: дұрыс тілек әрдайым осы шақта жазылады. Басқаша айтқанда: «Жазғы демалыста Түркияға барамын» деп емес, «Жазғы демалыста Түркияға бара жатырмын» деп жазу керек. Тағы бір көп қайталанатын қателік: «Мен кедей болғым келмейді». Дұрыс жазылған ба? Жоқ, дұрыс емес. Және бұған нақты дәйек бар. Біріншіден, Жаратқан болымсыз етістіктегі сөздерді қабылдамайды. Сіз «Кедей болғым келмейді» деген тілегіңіз автоматты түрде «Кедей болғым келеді!» деген мағына алады. Екіншіден, көбіне біз не ойласақ, соны өмірімізге тартамыз. Егер «Кедей болғым келмейді» деп ойлай берсек, автоматты түрде кедейлік туралы ойлаймыз, ал «Бай болғым келеді» дегенде – байлық жайлы ойлаймыз. Сондықтан, келесі ережені ұмытпаймыз:
4-ереже: кез келген болымсыз етістіктер мен сөздерді қолданбаймыз. Тағы бір ескеретін жәйт: тілегімізді жазғанда нені армандаймыз, соны барынша толықтырып жазу керек. Яғни келесі ереже:
5-ереже: барынша толығырақ жазу және әсеріңмен бөлісу. Егер бұл Түркияға саяхат болса, тоқтаған қонақ үйіңіз мен жағажайды да сипаттап өтіңіз. Егер бұл жаңа көлік болса, оның басты сипаттамасын жазыңыз. Және тілегіңіз орындалғандағы сезіміңізді міндетті түрде баяндаңыз.
Және тағы бір маңыздысы, тілегіңіз ешкімге зиян келтірмеуі керек. Бұдан тағы бір ереже шығады:
6-ереже: кез келген жазылған тілек тұмар-сөзбен аяқталуы тиіс: «Бұл тілегім немесе бұдан да зоры өміріммен үйлесім тауып, маған және бұған қатысты адамдардың бәріне бақыт пен қуаныш әкелсін». «Бұдан да зоры» деген тіркеске назар аударыңыз. Нақты бірдеңені тілегенде Жаратқанды сізге көмектесу ниетіне шек келтірмегеніңіз жөн. Бәлкім, ол сіздің Түркияда емес, Мальдив аралдарында демалғаныңызды қалайтын шығар?
Сонымен, біздің тілегіміз нақты тұжырымдалды және жазылды. Барлық алты ереже сақталды. Әрі қарай не істеу керек? Әрі қарай тілегіңді Жаратқанға тапсырып, тіпті ұмытып кетуге тырысу керек. Уайымдау мен бас қатыру тілегіңіздің орындалуына кедергі келтіреді. Сондықтан келесі ережеге назар аударыңыз:
7-ереже: арманыңыздың төңірегінде шырғаланудың қажеті жоқ. Оны жіберіп, әрекет етіңіз! Ертегідей пештің түбінде жатып, тілегіңіздің орындалуын күту деген жоқ. Жаратқан сізге тамаша мүмкіндіктер ұсынуы мүмкін, бірақ сіздің әрекетіңізсіз тілегіңіздің іске асуы екіталай.
Сурет: www.100hdwallpapers.com
Дайындаған: Анар Мұстафина