Әрдайым шаршап жүруіміздің себебі

Жаман әдеттер сізді шаршатса, жан тыныштығы мен сергектікті қалыптастыруға өмірлік әдіс-тәсілдер көмектеседі.

Ұйқысыздық — бүкіл қуатыңызды сорып алатын бастау. Сіз орындайтын (немесе орындамайтын) ұсақ-түйек заттар ақылыңыз бен физикалық жағдайыңызды нашарлатып, іштен жеп тынуы ғажап емес. Сарапшылар шаршау сезімінің ең көп таралған зиянды әдеттерін анықтап, еркін күйіңізді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ережелерді ұсынады.

Сіз – кемеңгер жансыз. «Әрдайым алға ұмтылып, биік шыңды бағындыру жігерлендіріп қана қоймай, құлшыныспен аяқтауға баулиды»,– дейді профессор Ирен Левин, – «Алдыңызға орындалмас қиын мақсат қойып, жұмысыңыздан ләззат ала алмайсыз». Ол күнделікті жұмысты сәл кейінге шегеріп, белгіленген кестені ұстауды ескертеді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін, жұмысыңызға арнаған көп уақытыңыз бекерге кеткенін көріп, қынжыласыз.

Сіз фаст фудпен және зиянды азықтармен тамақтанасыз. Бұл қазіргі кезде сәнді әрі дәмді тағамдар болғанымен, зияны да жетіп артылады. Тым тәтті не шектен тыс ащы тағам ағзаңызға едәуір залал тигізерін естен шығармағаныңыз жөн. Сондықтан мөлшерден артық пайдаланбауға тырысып бағыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Шаршаңқы күйде күнделікті жаттығу жасауды ойға да алмайсыз. Күш-жігерімді сақтаймын деп, жаттығуды ортасынан үзіп тастау көпшіліктің қателігі. Керісінші, жаттығу жасап, күш-жігеріңізді қалыпқа келтіресіз. Джордия университетінде өткен тәжірибеде студенттер 6 апта салауатты өмір салтын қалыптастырып, жеткен жетістіктерін мақтана айтты. Оған қоса 20 минуттық 3 жаттуығу жасаған да болатын. Бұл жаттығулардың көмегі көп, оған қоса ол өзіңізді сенімділікке бастар жол бола алады. Сол себепті келесі жолы жаттығу залына баратын күшіңіз болмаса, жай ғана далада серуендеп, таза ауада жүріп келіңіз.

Таңғы ас ішпейсіз. "Таңғы ас – тәңірден" дейді қазақ. Тағам — ағзаға ең керек дәрумен іспеттес. Егер де таңғы асыңызды қабылдамайтын болсаңыз, күні бойы әлсіреп, мазаңыз қашады. Асығыс болсаңыз да, тамақтануға үлгеріңіз. Таңғы асты қабылдамағаныңыз көңіл-күйіңізге әсер етуі әбден мүмкін. Тәтті емес, пайдалы тағамды таңдап, таңғы асты қалдырмаңыз.

Темірдің жетіспеушілігі ісіңізді баяулатып, әлсіз әрі тынымсыз етуі мүмкін. «Ағзаңыз оттегіні қабылдауы төмендесе, шаршайсыз»,– дейді Гудсон. Бұлай жалғасатын болса анемия ауруына шалдығуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан құрамында темір бар тағамдарды пайдаланыңыз: бұршақ, жасыл жапырақ, жаңғақ және жаңғақ майы. Дер кезінде дәрігерге қаралып, аурудың алдын алмасаңыз ушығып кетуі ғажап емес.

Сіз бас тарта алмаймыз. Өзгенің көңілін қалдырғыңыз келмейтін көңіл жықпастық қасиетіңіз "арқасында" қуатыңыз босқа құртылады. Уақыт өте келе мұндай қылықтың арты өкпе мен ренішке толы болады. Есте сақтаңыз: сізді бастығыңыз жексенбі күні жұмысқа шақырса, келісіп-келіспеу өз еркіңізде. «Жоқ» деп айтып үйреніңіз. Егер айтуға қиналсаңыз, ішіңізден бірнеше рет қайталап, сәлден соң дауыстап айтыңыз.

Сіз түймедейді түйедей етесіз. Бәріне шыдамдылықпен қараңыз. Егер бәрі дұрыс болғанын қаласаңыз, терең дем алып тыныштық сақтаңыз. Ұмытпаңыз «Сабыр түбі — сары алтын». Таза ауада серуендеп, табиғаттың көркем құбылысын тамашалауды да естен шығармағаныңыз жөн.

Сіз сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішпейсіз. Диетолог Эми Гудсон айтуынша, сұйықтықтың аздығы ағзада түрлі ауру тудырады. Сондықтан неғұрлым сұйықтық көбірек ішіп, ағзаңызды толықтырып отырыңыз.