Егер сіз көне әдет-қағидаларды қайырып тастап, көңіліңізді еркін ұстап, белсенді рухани күймен жаңа бір күнді қарсы алуды қаласаңыз, істі әр күні өзіңізге сұрақ қоюдан бастаңыз. Осы сұраулар сізге рухани күш-қуат және жалынды бейне сыйлайды.
Өзімде не бар?
Біз үнемі өзімізде жоқ нәрселер жайында бас қатырамыз да, өзіміздің бар нәрселерімізге елеусіз қараймыз. Яғни, деніміздің саулығы, құлағымыздың ақаусыздығы, көзіміздің нұры, жақсы көру және жақсы көріне алу қасиетіне ие екендігіміз, күнделікті ішер ас, киер киіміміздің болуы т.б. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегендей, күн сайын ренжіп, зарлауды қойып, өзімізде бар дүниелерді қадірлеуіміз жақсылыққа жетелейді.
Мен немді мақтаныш тұтамын?
Табысқа жеткеніңмен мақтан. Табыстың үлкен-кішілігі жоқ. Әр жолғы табыс алдыға қарай батыл бір қадам басқаныңнан дерек береді. Әлгінде ғана бір сәтсіздіктен өзіңнің жеңістік тапқаныңды мақтаныш тұтуға, бейтаныс бір жанға көмектескендігіңмен өзіңді бақытты сезінуге, әлі де бір досыңа қолғабыс еткендігіңмен шаттануға немесе жаңа таныс дос тауып, жаңа кітап оқығаныңды қуаныш етуге хақың бар. Қысқасы осылардың бәрі де мақтаныш тұтуға татитын істер.
Мен неменеге борышты болуым керек?
Әр күні бізді борыштылық сезіміне бөлейтін талай істерге жолығамыз, сондай-ақ борыштылық білдіруімізге татырлық көптеген адамдармен жүздесіп тұрамыз. Өйткенi, осылар еш кәдесіз-ақ бізге кейбір мәселелерді үйретеді. Тіршіліктегі әрбір күннің өзі біз үшін бағалы тарту.
Қайткенде өміршеңдік күшке ие боламын?
Күн сайын өзіңді өміршеңдік күшке ие ететіндей белсенді жұмыстармен шұғылдануды жоспарыңызға алыңыз. Мысалы, тегінде өзіңіз қастерлі көретін, бірақ, ұзақ уақыт қарым-қатынас жасай алмай келе жатқан адамдарға телефон соғып, қал-жағдайын сұраңыз. Қызметтестеріңізге дем беріп, олардың қуанышымен ортақтасыңыз.
Өткенгі жүктен жеңілдене аламын ба?
«Көне жүк» ұзақ жылдардан бері көңілімізді қажытып келе жатқан көңіл кірбеңдігін көрсетеді. Мұндай істерді өзіңізге ауыр жүк етіп, арқалап жүре беруіңіздің еш қажеті жоқ. Дұрысы өткенді ойша қортып, ауыр жүктерді тастаңыз.
Мәселеге қайсы жағынан қараған үйлесімді?
Адам қашан да басқаларға ақыл айтуға шебер де, өзіне келгенде дағдарып қалады. Көптеген істер біздің мәселеге қандай көзқараста болу әдісімізге байланысты болып шығады. Көп адамдардың әлі де белгілі бір істерге бас қатырып, ал сол іс өткеннен кейін өз қылығына күлкісі келетін шақтары жиі кездеседі. Қайғы мен қуаныш тек біздің мәселеге қандай мәміле жасауымызға байланысты болады.
Бүгінді қалай өткізуім керек?
Басқа күндерге ұқсамайтын бір істі тындырып қойыңыз. Жаттанды өмірдің бірізділігін бұзу адамға ләззат сыйлайды.
Бүгін кімді құшақтауым керек?
Құшақтасудың өзі адамға рухани азық болады. Психологтар: «Сау боламын десең, әр күні кем дегенде сегіз рет құшақтас» деген екен. Дененің тиісуі адамзаттың сезімдік қажеті. Ол мидың дамуы мен демалуына пайдалы.
Қазір-ақ бастасам бола ма?
Бұл естір құлаққа жағымды ұсыныс болғанымен, оны орындау қиын. Шындығында күнделікті өмір сен ойлағандай бола бермейді. Белсенділік пен құлшыну өмірдің мәнін асырудағы таптырмас дәрумендер.
Бүгін қандай мәселені шеше аламын?
Ертең тәмамдауды жоспарлаған істі бүгін орындап таста. Оны не үшін ертеңге қалдырасыз? Ертеңнің ертеңгіге тән шаруасы болады. Қол ұстайтын өзге шаруаларыңыз жеткілікті ғой. Ол шаруаларды біржақты етудің басқаша жолы табылып қалуы да мүмкін.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: alsglobal.com