Әр елдің салты басқа... #2

Басы

Тәрелкедегі толық желінбеген ас – құрметсіздік белгісі. Бұл біздің қазақтарда "Жаманнан жарты аяқ ас қалады" деп айтылады. Көпшілігі бала кезден ата-анасының «соңғы түйіріне дейін таусып же» деген сөзіне дағдыланған. Кей елдерде таза тәрелке үй иесін шошытады, тіпті оны жәбірлеу болуы да мүмкін. Филиппинде, Солтүстік Африкада, Қытайдың кей аймақтарында қонағы тәрелкедегі тамақты тауысып қойса, тағы да салып береді. Оны да бітірсе, көрсеткен қызметіне көңілі толмаған белгісі екен деп үй иесі ренжіп қалуы да ғажап емес.

Шайпұл беру-бермеу туралы дау ғасырдан бері шешімін таппай келеді. Кей мейрамханалар тұтынушыларын тамақтан соң ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін шайлық қалдыруға шартты түрде тыйым салған. Күншығыс елдері, жапондар шайпұлға әдеттенбеген. Даяшы тұтынушысының артық ақшаны не үшін бергенін түсінбей, қайтарып береді, кейде мұны «мені мүсіркегендіктен беріп тұр» деген оймен жәбірлеу деп қабылдауы да мүмкін.

Тамақты қолмен жеу. Кей жұрттарда дастарқан басында ас құралдарын қолдану – асты сыйламауды білдіруі ықтимал. Мысалы Мексикада тако не бурритоны пышақпен, шанышқымен жесеңіз, жағымсыз көзқарасқа тап боласыз. Герамнияда қуырылған картопты пышақпен бөлу – әдепсіздік. Үндістан тәрізді елдерде тамақты қолмен жеу – ең тиімді тәсіл.

Кешікпеу – сыйламау белгісі. Әлем елдерінің көп бөлігінде шақырылған жерге уақытылы келмеу – сыйламағандықтың белгісі. Ал Танзанияда белгіленген дәл уақытында келу – құрметсіздік нышаны. Сыпайы, тәрбиелі қонақтардың барлығы 15-30 минут кешігіп келеді. Мексикада да кездесуге не кештерге кешігіп бару – көргенділік сипаты.