Апта кеңесі. Тізім

Апта кеңесі. Тізім

Кейде күніміз қарбалас болып кетеді. Сондай кезде бірін болмаса, бірін есімізден шығарып алып, артынан бармағымызды тістеп жатамыз. Жұмыста да солай, бір шаруаны тындыруды ұмытсақ, кейде барлық шаруаларымыз әдіра қалып, тағы да ұмытшақтықтың кесірінен таяқ жейміз. Не істеу керек?

Апта кеңесі ретінде жасалатын шаруалардың тізімін құруды ұсынамыз. Психологтардың пайымдауынша, бұлай тізім құру тіпті үлкен істерді де тезірек тиянақты түрде тындырып тастауға себеп болады екен. Неге десеңіз, тізімдегі біткен шаруаларды сызып отыру адамға кәдімгідей рахат сыйлайтын көрінеді. Бұл жұмыстың қолынан келгені үшін өзіне дән риза болған адамның ерік-жігері артып, кезекті рет тізімдегілерден құтылуға асығады екен. 

Тізім жасау көп уақытты алмайды. Атқарылатын шаруаларды телефоныңызға да түртіп қоюыңызға болады. 

Жаңа аптаға сәттілік!

Мейіргүл Оңғарова

Сурет: geeksyrup.com