- Негізгі бет
- Жаднама
- Апта кеңесі. Соңғы...
Апта кеңесі. Соңғы қоңырау
Оқу жылының тәмамдалуына санаулы ғана күндер қалды. Соңғы қоңырау сыңғыры үміт арқалаған жүректерді бір тебірентері хақ. Әсіресе, мектеп бітіруші түлектер үшін өмірінде бір-ақ рет болатын толғанысқа толы салтанат.
Егер оқушы болсаңыз, осы күнді тәтті естеліктерге толы ғып өткізу үшін қазірден дайындалыңыз. Барынша жинақталып, ерекше салтанаттың ауасымен тыныстап, сол күнді сезініп, жүрекке түюге тырысыңыз. Қас-қағым сәтте өте шығатын оқушылық өміріңіздің ерекше таңбасындай болған 25 мамыр мерекесінде көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғанын қадағалаңыз. Жымиып, барынша жайдары жүріңіз! Оқытушыларыңыз мен достарыңызға естелік сыйлықтар алып қойыңыз. Ал оқушылық өмірмен қош айтысқан болсаңыз, мектеп қабырғасындағылардың бұл күнді керемет етіп өткізуіне атсалысыңыз. Үйіңізден жырақта жүрсеңіз, сыныптан сыныпқа көшкен бауырларыңызға, жақын жандарыңызға телефон шалып, құттықтауды есіңізден шығармаңыз. Үйіңізге жақын жердегі мектептің біріне барып, соңғы қоңырау салтанатын тамашалап, оқушылық өміріңізге саяхат жасауыңызға да болады.
сурет: treesflowers.com
Р. Роза