- Негізгі бет
- Жаднама
- Апта кеңесі. Шыншылдық...
Апта кеңесі. Шыншылдық
Алдыңғы апта кеңесіміз "Рақмет" сөзін айта білу керектігі жайында болған еді. Кеңесімізді жүзеге асыра алдыңыздар ма? Осы аптаның кеңесін шыншылдыққа арнаймыз.
Кез келген адамның алдында төмендемей, көзіне тік қарауымыз үшін не істеуіміз керек? Әлбетте, ол үшін ең алдымен шыншыл болып өмір сүруіміз қажет. Ал, шындық даңғылы қарапайым нәрселерден бастау алатыны рас.
Бастап, тастап кеткен әлдебір іс қай-қайсымызда да бар шығар. Мұндайда қазақ «Еріншектің ертеңі бітпес» дейді. Өз-өзіңізден қысылып-қымтырылмас үшін сол ісіңізді бітіріп тастауды дәл қазір қолыңызға алыңыз! Бұл өз-өзіңіздің алдыңыздағы шыншылдықты айқындайды. Қай кезге дейін өзіңізді алдап, «Ертең істей салайыншы» деп өзіңізге өтірік айтып жүрмексіз? «Өзіңізді өзіңіз сыйламасаңыз, сізді ешкім де сыйламайды». Желкеңізге жармасқан жалқаулығыңызды шыншылдығыңыз жеңсін!
Жаңа аптаны ешбір артық жүксіз бастаңыз!
Сурет: bfm.ru
Р. Роза