Бір қолданушымыз "Блогқа пікірді қалай жинауға болады?" деген сұрақ қойыпты. Бүгінгі апта кеңесіміз блогшылар мен блог жазам деушілерге арналмақ. Сонымен, тартымды блог жазудың қағидалары қандай?
ШынайылықБлогыңызға жазбаңызды оқып отырған әр адамның басындағы жағдайды жазуға тырысыңыз. Өзімшілденбей оқырманмен қарым-қатынас орнатып, арасында сұрақ та қойып отырыңыз.
Медиа-контентБейнебаян, сурет секілді басқа да файлдарды қолданыңыз. Жазып отырған тақырыбыңызға сай таңдалған сурет, бейнебаян жазбаның ажарын аша түспек. Файлдарды эстетикалық тұрғыдан әдемі етіп орналастыруға ұмтылыңыз.
Қателіктен қашыңызКез келген қарапайым орфографиялық қателік оқырманға жағымсыз әсер етеді. Оның үстіне оқырман блогыңыздағы тақырыпты емес, блогыңыздағы қателіктерді тізіп айтып кетуі мүмкін.
Әрбір пікірдің өзіңіз үшін маңызды екенін ұқтырыңызҚалдырылған пікірге дереу әрі ізетпен жауап берсеңіз, оқырманыңыз өз пікірінің талқылауға түсіп жатқанына қуанып, тағы да пікір қалдыруға құлшыныспен кіріседі.
Бұл блогты тартымды қылудың аз-маз қулықтары. Өзіңіз блог жазуда қандай қулықтарды қолданып жүрсіз?
Апта кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: liveinternet.ru