Апта кеңесі. Мұңаю дертінен арылудың 5 рецепті

Мұңаю — адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен жүзеге аспаған сәтсіз істері жайындағы дәрменсіз ойы, құрғақ қиялы. Мұндай жағдай адамның тынышын алады, ойын бөліп, қиялын сан-саққа жүгіртуі мүмкін. Бұл көбінесе ерік-жігері нашар, білімі мен тәжірибесі таяз адамдарда жиі кездесетін психикалық күйдің енжар түрі. Дегенмен де, адам жүрегі, сезімі, ақылы бар тіршілік иесі. Мұңаймай, қайғырмай, салқынқанды мәңгі өмір сүруі мүмкін емес. Десек те, мұңға батып тірлік кешкеннен гөрі, күнді көңілді өткізген әлдеқайда дұрыс қой.

Осы аптада біз сізді мұңнан арылтсақ дейміз. Сол себептен мұңаюдан арылудың 5 рецептін ұсынып отырмыз:

1 рецепт. Көп әрекеттеніп, отбасы немесе күнделікті тіршілік шаруасынан тыс сейілдейтін дағды қалыптастырыңыз.

рецепт. Жеңіл музыкаларды көп тыңдаңыз. Музыканың жай түйсікке қарағанда ықпалы зор.

3 рецепт. Реңнің психологиялық өнімін толық пайдаланыңыз, жеңіл, ашық реңді киімдерді көп, қара киімді аз киіңіз.

4 рецепт. Адамдармен көбірек әңгімелесіп, барыс-келіс жасаңыз, әсіресе мiнезі ашық-жарқын, жайдары адамдармен көбірек ой бөлісіңіз.

5 рецепт. Бойыңызды тік ұстап, көкірегіңізді керіп жүріңіз, бірте-бірте сенім қалыптастырып, мұңаюдан арыласыз.

Апта кеңесін ұсынған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: photodom.com