Апта кеңесі. Қайда қыдырамын?

Апта кеңесі. Қайда қыдырамын?

Бүгін дүйсенбі, аптаның басы. Дүйсенбі сәтті басталып, сәтті тәмамдалсын!

Соған қарамастан, біз сізге бүгін қыдыруға болатын жерлер тізімін ұсынсақ дейміз. Жұмыстан не сабақтан шығып та өз-өзімізге демалыс сыйлауымызға болады ғой...

Достарымызбен қыдырып, бой сергітейік десек, "Қайда барамыз, қайда барамыз?" деп бас қатырып жатамыз. Күндіз қыдыратын жерлер көп. Ауа райы жақсы болса, саябақта серуендегенге не жетсін?! Немесе театрлар (опера, балет театры) мен мұражайлар да керемет демалыс сыйламақ.

Ал кешкілік қайда барып демалуға болады?

1. Караоке. Қыдыру үшін ең керемет орын. Айғайлап тұрып, ән айтып, жаныңызды жадыратып келесіз.

2. Кино. Киноға бармас бұрын, қандай кинолар жүріп жатқанын біліп алған дұрыс. Кино ұнамай қалып, ұйқысырап, маужырап отырмасаңыз болғаны.

3. Боулинг. Біраз адам жиналып барған кезде, бұл ойынның өңі кіріп, қызықты болмақ. Ал екі-үш түйір болсаңыз, бұл жақтан басқа жерді іздегеніңіз жөн.

4. Бильярд. Нағыз романтикалық орын десек, қарсы болмассыздар.

5. Пиццерия, кафе, мейрамхана. Бір сөзбен айтқанда, қарынды тойдыратын жерлер. Әңгіме-дүкен құру үшін оңтайлы орындар.

6. Концерт. Билетті алдын ала алып қойып, сол күнді асыға күтіп жүрудің де өзіндік ерекшелігі бар.

Әзірге тізім осындай. Қыдыруға болатын жерлерге өз тізіміңізді де қоса отырыңыз.

Мейіргүл Оңғарова

Сурет: blog.beliefnet.com

  

М. Оңғарова