Апта кеңесі. Жазды құр жібермеңіз

Апта кеңесі. Жазды құр жібермеңіз

Осы аптада немен айналыссақ екен, достар?!

Ай ортасынан асып кетті. Жаз жаймен жылжып барады. Жаз босқа өтіп бара жатқан секілді ме, қалай?..

Жазға құрған жоспарыңыздың қандай екенін есіңізден шығарып алып, енжарлыққа салынып жүрген жоқсыз ба? 

Жинақталыңыз. Бойыңызды жиып, жаздың әр күнін қалт жібермеуге тырысыңыз. Ағзаңызға демалыс беріңіз. 

Жеміс-жидекті көп жеуге тырысыңыз. Бетіңізге көкөністерден маска жасап, қалған үш мезгілге жаз бойы күш жинап алыңыз. Су жағасына, көкке көбірек шығыңыз. Дегенмен, жалқаулыққа салынып, жұмысыңызды жайына қалдыра көрмеңіз.

Жаздың шұғыла күніне киетін киіміңіз де сәйкес болсын. Ашық түсті, жеңіл киімдер киіп жүріңіз.

Жазыңыз сәтті өтсін!

Апта кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: favim.ru

 

Р. Роза