Біз жаңа аптаны бақыттың кілтін іздеуден бастасақ деп отырмыз.
Өмірлік тәжірибе мен материалдық жағдай бақыт әкеледі дегенге көзсіз сенетіндер бар. Саналарда қалыптасып қалған пайымды бұзып-жарған позитивті психологтар мынадай тұжырымға келіп отыр: "Бақыттың 10 пайызы ғана жұмыс пен ақша арқылы келеді екен, ал қалған пайызы сезімдеріміздің еншісінде".
«Бақыт туралы» атты кітаптың авторы Марси Шимофф былай дейді: "Заманымыздың басты жаңалығы мынау: Адам еш себепсіз бақытты бола алады. Бақыт сыртқы жағдайларға байланысты емес".
Осы жазбаны оқып отырған сіз бен біздің көп уақытымыз жұмысқа кетіп жатыр. Таң атысымен етегімізге сүрініп-қабынып жұмысқа асығамыз. Жұмыс екінші үйімізге айналып кеткелі қашан?!
Бақыт пен байлықтың ара жігін ажыратып алған дұрыс-ау...
Психологтардың пайымына қалай қарайсыз?
Мейіргүл Оңғарова
Сурет: ru.aliexpress.com