Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар...
Ыбырай Алтынсарин
Сәлем, достар! Апта кеңесін сағынып та қалған шығарсыздар. Тамылжыған тамыз да тәмамдалып, оқу жылының басталуына аз қалды. Құдды жаңа жылды қарсылағандай жаңа оқу жылына қарбаласып қамданатынымыз рас.
Қамданбағанда ше? Біріміз бір сыныпқа жоғарыласақ, біріміз бір курсқа көтерілеміз, бәріміз әйтеуір бір сатыға өсеміз. Байқадыңыз ба? Күздің жақындағанынан хабар беріп, жапырақтар да сарғая бастапты.
Осы аптада күзде басталатын жаңа оқу жылына сақадай сай болып дайындалыңыз. Біз өткен күнге есеп беріп, одан сабақ алу туралы жиі айтамыз. Үш айлық жазды қалай өткізіпсіз? Өз-өзіңізге есеп бере отырыңыз...
Жаңа оқу жылына сәттілік!
Сурет: feelgood.ua
Апта кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова