Апта кеңесі

Апта кеңесі

Менің отбасым - менің қорғаным

Силован Рамишвили

Бұл аптада жақын жандарыңызға көңіл бөліңіз.

Туған-туыстарыңыздан аулақта жүрген болсаңыз, күнделікті күйбең тірліктің қамымен жүріп, айына бір-екі рет хабарласып, қал-жағдайларын білгенге риза болып жүрген шығарсыз. Тіпті, кейбір ет бауырларыңыздың жағдайын ойлауға мынау қу тірлік мұрша бермей жатқан болар...

Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған ата-анамызға, тай-құлындай тебісіп, бірге өскен жақын бауырларымызға осынау жарқ етіп өте шығатын құлын күннің бірер минутын арнасақ, қалай болады?.. Жақсы көретін адамдарымызға өзіміздің оларға деген ыстық ықыласымызды білдіріп, өздерін жақсы көретін бір адамның бар екенін сездіріп отыруды ұмыт қалдырмайық. 

Ал егер ата-анаңыз бен бауырларыңыз, жақын-жуықтарыңыз қасыңызда болса, олардың бар екеніне тәубе етіп, жақсы көретініңізді айтыңыз. Мүмкіндік болса, сыйлық жасаңыз...

Апта кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru

Р. Роза