- Негізгі бет
- Жаднама
- Апта кеңесі. «»...
Апта кеңесі. «»
«» - тырнақша деп аталатын бұл белгі біздің апталық кеңесімізге түрткі болып отыр. Сөйлемде сөздің маңыздылығын тырнақша арқылы білуге болады. Сол сияқты сіз де тырнақшаға сөздерді алып көріңіз. Қай сөздерді аламын деп ойлаған боларсыз. Жауап, сіз үшін өмірде маңызды сөздерді алыңыз. Өмірлік маңызды істерді істеңіз. Өткен апталық кеңесіміз уақытыңды дұрыстап пайдалану болса, бұл аптада, сол уақытты маңызды істерге жоспарлай біл демекпіз.+
Уақытты жоспарлау қажет дегенде «Менің уақытты жоспарлап жататын уақытым жоқ, кімнің қолы бос, солар істесін» дейтіндер де аз емес. Сол үшін уақыттың барлық іске жететіндігіне көз жеткізу үшін өз-өзіңізге есеп беріп, қарапайым ғана сұрақтарға жауап беріңіз: «Өткен аптада теледидар алдында қанша уақыт өткіздім?», «Күнделікті таң атқан соң, қанша уақыт ұйықтаймын?», «Дастархан алдында қанша уақыт өткіздім?» Осыған ұқсас сұрақтарға жауап беру арқылы уақытымыздың көптігіне көз жеткізе аламыз. Ең маңызды істеріңізді бірінші кезекке қойып, қалған екінші дәрежелі істерді сол бойынша жоспарлаңыз. Жоспарланған ісімізді уақытында бітіре алмасақ та, өзімізге жетерліктей пайда алуға болатындығын ұмытпаған да жөн.
Кез келген жақсы жоспар мен дұрыс жоба сіздің өміріңіздің табыстылығы мен тұрақтылығының кепілі. Ал олар жоқ жерде сәтсіздіктің болары сөзсіз.