Сапалы әрі дәмді апельсинді қалай таңдауға болады? Несіне мән беру керек? Бұл жайында испандық зерттеушілер кеңесіне құлақ асып көрелік.
Апельсин таңдағанда ең бірінші иісіне назар аудару керек. Сапалы жемістің исі аңқып тұрады. Сырты тегіс, қатты әрі үлкендігіне қарай салмағы да болады. Сырты аздап жұмсақ болуы – сапасыз екенін білдірмейді. Тек ұзақтау сақталғаннан жұмсарады.
Испандық зерттеушілер апельсиннің жасыл сабағына да мән берген абзал дейді. Егер құрғақ болса қоймада ұзағырақ сақталғаны. Ал сапасын қабығына қарап анықтауға болады. Ашық түсті әрі біркелкі болу керек.
Апельсин банан немесе авакадо сияқты жинап алғаннан кейін піспейді. Егер бір дүкеннен алған апельсиннің дәмі қышқыл болса, демек келер жолы басқа дүкеннен алған абзал.
Испандық зерттеушілер айтқандай, апельсин жемісін дұрыс сақтасаң бірер аптаға дейін бұзылмайды. Ол үшін салқын және желдеткіші бар бөлмеде сақтау керек. Жылу мен ылғалдан алыс ұстау қажет.