Апат кезінде "Дабыл жолдорбасы" жаныңыздан табылсын

Апат кезінде "Дабыл жолдорбасы" жаныңыздан табылсын
Фото: www.bcrepc.org

Күннен күнге түрлі жаңалықпен келген заман ағымы өзімізді түк білмейтін адамдай сезінуге септігін тигізіп жүр. Банкомат ақша шығармай тұрса, не істейтінімізді білмейміз. Барлық дүкен бір аптаға жабылатын болса, құбырдан су келмей қалса, не ішіп-жейтінімізді, қалада жаулар қаптаса қайда қашатынымызды да білмейміз. Әскери адамдар өзін қорғай алады: оларға барлығын үйреткен. Ал басқа азаматтар ше? Олар тығырықтан қалай құтылады? Ең бастысы – өзіңмен бірге қандай заттар міндетті түрде қасыңда болуы керек?

Дабыл шабаданы – кез келген төтенше жағдайда іске асатын барлық заттың базалық жиынтығы. Ол – киім-кешек, дәрі-дәрмек, құрал-сайман, азық-түлік секілді нәрселер түгел сиятын иыққа асатын сөмке. Дорбадағы заттар су жаңа қалпында тұрады және күнделікті тірлікте қолданылмайды, тек төтенше жағдайларда ғана пайдаға жаратуға болады. Төтенше жағдайларға жер сілкінісі, сел, өрт тәрізді тілсіз жауларды жатқызамыз. Ондай жолдарба әр отбасында болуы міндетті.

Шабадан жығылғанға жұдырық болып, жыртылып, үзіліп қалмайтындай сапалы болуы тиіс. Жолдорбаның төменгі бөлігінде қақпақшасы және жаңбырдан қорғайтын жамылғысы болғаны жақсы. Оған қарапайым кез-келген иыққа асатын сөмкені алсаңыз да жарайды, ішіне заттар сыймаған жағдайда екі сөмке дайындап қойса болады. Сөмке сыйымдылығы 30 литрден кем болмауы тиіс.

Енді шабаданның ішіне кірейік. Ішінде қандай нәрселер болуы тиіс?

Суланбайтын бумаға салынған маңызды құжаттар. Күнделікті пайдаланатын құжаттардың көшірмесін, кейде керек болатын үй құжаттары секілді маңызды қағаздардың түпнұсқасын дайындау. Жақындарыңыздың маңызды фотосуреттері болса, оны да құжаттар қасына сақтап қойыңыз;

Қолмақол ақша мен кредит карталары. Жаныңызда әрдайым артық ақша болуы қажет;

Үй, көлік кілттерінің көшірмесі (дубликат);

Жағдайлардан хабардар болып отыратын ақпарат құралы. Арзан ұялы телефонды қуаттағышымен қоса салып қойсаңыз болады;

Қолшам (фонарик), қасында артық батарейка және лампы;

Компас және сағат. Олардың су өтпейтін түрін сатып алыңыз;

Мультитул – сан қырлы сайман. Түрі қойма тістеуігі (пассатижи) секілді. Пышақ, біз, ара, ашқыш, қайшы саймандары бір затқа жинақталған құрал;

Пышақ пен балта;

Дыбыс құралдары, ысқырғыш, фальшфейер (апаттық шам, шырақ, жалған от, факел деп те аталады);

Бұл құралдар бізге қараңғыда, адасып кеткен жағдайда көмектеседі. Аталған құрылғылар оңай табылмаса, оны қолдан жасап дайындап қою керек. Ол үшін ұзындығы 1 метр, диаметрі 50 мм-дей таяқ, ені 20 см, ұзындығы 170 см болатын мата (ескі төсемелер де жарайды), керосин, мотор майы қажет. Таяқтың бір ұшын мата сияқтындай етіп бөліп, ортасына матаны салып, байлаймыз. Дайын болған нәрсені майға салып, 1-2 күн ұстаймыз да, кептіреміз. Ұзақ уақыт жанатын факел дайын болады.

120 литрлік қоқыс қалтасы. 5 дана.

 

Жалпақ скотч;

Диаметрі – 4-5 мм, ұзындығы – 20 м жиналмалы сым;

Блокнот және қарындаш;

Ине-жіп;

Алғашқы көмек көрсететін дәрі қобдишасы. Дәрі саны жалғыз сізге ғана емес, айналаңыздағы адамдарға да жететіндей болсын;

Дәке, жабысқақ пластырь, йод, мақта;

Белсендірілген көмір;

 «Парацетамол»(қызу басатын);

«Супрастин» (аллергия);

«Иммодиум» (диарея);

«Фталазол» (ішек инфекциясы);

«Альбуцид» (көз тамызғысы);

Антибиотик ұнтағы;

Дәрілердің сақталу мерзіміне көңіл қойыңыз және үйдегі адамдардың ауруын да ескеріңіз (қан қысымы, жүрек талмасы). Дәрігердің есімдері мен телефондары жазулы болсын;

Киім. Іш киім. Мақтадан жасалған шұлық. Ауыстыратын шалбар, жейде, жаңбырда киетін жамылғы, тоқылған телпек, қолғап, мойын орағыш. Отбасының әр мүшесіне сенімді және ыңғайлы киім;

Шағын шатыр, кілемше;

Тіс щетка-паста, кішкентай сабын, сүлгі, әжетхана қағазы, бірнеше құрғақ орамал, сулық, қайшы, ұстара;

Балалардың керек-жарағы;

Ыдыстар: қазанша, құты, қасық, кесе;

Шырпы (туристік түрі дұрыс), оттық;

Аз орын алып, ұзақ сақталатын тамақтар. Құнарлылығы жоғары, жарамдылық мерзімі ұзақ тәттілер (сникерс), бір уыс сорғыш кәмпит.

Азық-түліктер:

2 құты консервіленген ет

Қытырлауық нан

Сорпа пакеттері

Ет және балық консервісі;

Орын болса – барлық жарма түрі, макарон;

Кептірілген жемістер (қара өрік, мейіз, құрма, інжір);

Құрт;

Арақ не медициналық спирт;

Шатыр, каремат (турист кілемшесі) не шағын киіз;

Карематты кез-келген спорттық дүкеннен сатып ала аласыздар. Болмаса егінжайға, ас үй дастарқанына арналған 3 метрден кем болмайтын полиэтилен пакетін киізге жауып, төсеніш етуге болады.

Бізге қажетті туристік шырпы Қазақстанда жоқ болғандықтан, оны алдын-ала бірнеше қорабын қолдан жасап қоюға болады. Ол үшін шырпыны тырнаққа жағатын лакпен бояймыз. Лакталған шырпыға су жұқпайды, су тисе де сапасын сақтап, қолданысқа жарай береді. Оның дәлелін төмендегі видеодан көре аласыз.


@. @assel_assanova